Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Биыл еліміздің барлық аймақтарында қар осы желтоқсан айында жауды. Әр нәрсе өз уақытымен болғаны оңды әрине. Әлеуметтік желіде де алғашқы жауған қарды түсіріп, өзгелермен бөлісіп жатқан адамдар қатары көп болды. Сейсенбі күні біздің өңірге де қар жауды. Қар жауды деген сөз – кейбір адамдарға қуаныш сыйлағанмен, кейбір жандар үшін жұмыс басталды деген ұғымды білдіреді. Дәл осы күні ауданда қар тазалау жұмыстары жанданып, тиісті жұмыстар атқарылды. Оны мына суреттен де байқауларыңызға болады.
«Құлан таңы» ақпарат.
Суретте: жауған қарды тазалау жұмыстарынан көрініс.