Ауданда ауылшаруашылығы саласын қолдауға бағытталған кеңейтілген жиын өтті
Жақында облыс әкімінің орынбасары Ә.Ғ.Тамабектің тапсырмасына сәйкес, ауданда ауылшаруашылығы саласына мемлекеттік және қаржылық қолдау тетіктерін кеңінен түсіндіруге арналған ақпараттық жиын ұйымдастырылды.
Жиынға облыстық ауылшаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Болат Сағымбеков пен аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов қатысты. Кездесу барысында шаруаларға арналған субсидиялау механизмдері, ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту, мал және өсімдік шаруашылығын қаржыландыру бағдарламалары, сондай-ақ, жаңа маусымдағы мемлекеттік қолдау бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Жиын барысында жұмыс тобы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, шаруалардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар саладағы өзекті мәселелер де талқыланды. Кездесу соңында көтерілген ұсыныстар мен сұрақтар бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, қажетті ақпараттар жинақталды. Айта кетейік, аталмыш бағыттағы жиындар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
«Құлан медиа» ақпарат.
