Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Жуырда аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылындағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Сапар барысында Ернар Серікәліұлы ең алдымен бұған дейін зейнетақы қорының ғимараты болған нысандағы жөндеу жұмыстарының жай-күйін зерделеді. Аталған ғимаратта қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жаңарту аяқталғаннан кейін ғимаратты аудандық Жастар ресурстық орталығына беру көзделуде. Бұл — жастар саясатын қолдау бағытындағы маңызды қадамдардың бірі.
Сонымен бірге аудан басшысы «Дендро» саябақ аумағындағы жасыл желекті жаңарту жұмыстарына да назар аударды. Мұнда ескі ағаштар тамырымен алынып, олардың орнына 10 мың түп жаңа тал-дарақ отырғызылуда. Ауқымды көгалдандыру жұмыстарын Ақыртөбе орман шаруашылығы мекемесі жүзеге асыруда. Бұл — ауданның жасыл аймағын кеңейтуге бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі. Айта кету керек, алдағы уақытта дәл осы аумақта шағал тас төселіп, бас көшеге апаратын жол салынбақ. Мұның бәрі Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар.
Сапар соңында аудан басшысы Ернар Серікәліұлы «Арай» тұрғын үй алқабындағы тұрғындармен де пікір алмасып, олардың ұсыныс-тілектерінің орындалу барысын қарап, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Жәнібек Сұлтан.