Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Тәуелсіздік – бір халықтың ғана емес, бүкіл ұлттың ғасырлар бойғы аңсаған арманы мен биік мұраты. Ол – бір күнде келген жеңіс емес, талай тар жол, тайғақ кешулерден өткен ата-бабаның төгілген қаны мен маңдай терінің жемісі. Сол себепті тәуелсіздік әрбір азамат үшін бәрінен де қымбат, ең асыл құндылық болуы тиіс.
Қазақ халқы еркіндік жолында сан қилы кезеңдерді бастан кешті. Жоңғар шапқыншылығы, отарлық езгі, кеңестік қасірет, қуғын-сүргін жылдары – елдің рухын сындырмаған, қайта шыңдаған тарихи сынақтар. Осы қасіреттердің барлығы бір шындықты көрсетеді, бостандықтан артық байлық жоқ.
Тәуелсіздікке қол жеткізу – тарихтың бізге жасаған ең үлкен сыйы. Бірақ тарих көрсеткендей, оны сақтау одан да ауыр міндет. Еліміздің егемендік алған алғашқы кезеңінде Қазақстан үлкен қиындықтарға тап болды. Экономика құлдырады, зауыттар тоқтады, жұмыссыздық артты, қоғамда сенім азайды. Дегенмен дәл осы кезеңде мемлекетіміздің стратегиялық бағыты айқындалды. Сыртқы саясатта бейбітшілік, ішкі саясатта тұрақтылық, экономикалық дамуда жаңғыру болған дұрыс-ақ.
Қиындықтарды еңсеру арқылы Қазақстан әлемге танылды. Өзіндік даму жолын қалыптастырды және халықаралық аренада беделін нығайтты. Қазіргі уақытта тәуелсіздікті сақтау тек шекараны қорғаумен шектелмейді. Ол – экономикалық қуатты арттыру, ұлттық сананы жаңғырту, жастардың білімін күшейту, ғылым мен технологияға инвестиция салу.
Бүгінгі әлемде бәсеке күн сайын күшейіп келеді. Сондықтан тәуелсіз ел болудың басты шарты – жаңашылдық, білім, бірлік және еңбек. Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас буын. Олардың білімді, еңбекқор, жауапты болуы – тәуелсіздіктің мызғымас кепілі. Әлемдік білім мен тәжірибені игеріп, елге қызмет ету – әрбір жас азаматтың борышы.
С.Узбеков, аудандық соттың судьясы.