Үздіктер марапатталды

200 Views

Жақында Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен жүзеге асқан «Әулиеата – кітап оқитын өңір» кітап оқу жобасының қорытынды іс-шарасы өтті.

Ауқымды мәдени жиынға өңірдің зиялы қауым өкілдері, аудандық, ауылдық және мектеп кітапханаларының қызметкерлері, үздік оқырмандар мен кітап жанашырлары қатысты.

Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімдігі  мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай құттықтау сөз сөйлеп, «Үздік ауылдық кітапхана», «Ел үшін туған ерлер», «Үздік оқырман» номинациялары бойынша үздіктерді марапаттады.

«Ең үздік ауылдық кітапхана – 2025» облыстық байқауында І орынды Т.Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе ауылдық кітапханасы иеленді.

Сонымен қатар аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі Марат  Диханбай «Үздік оқырман» номинациясы бойынша  марапатталды.

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасына қатысқан барша жеңімпаздар мен оқырмандарды шын жүректен құттықтаймыз.  Оқырманы көп, руханияты биік өңір бола берейік.

Алия Искакова,

аудандық кітапхананың кітапханашысы.

Поделиться ссылкой: