Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
19 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Сейсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңес барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралып, тиісті сала басшыларының баяндамалары тыңдалды. Кеңесте көктемгі санитарлық тазалық екі айлығының өту барысы жан-жақты талқыланды. Әсіресе республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар баяндалып, нақты жұмыстар жіпке тізілді.
Жалпы жыл басынан бері 183 тонна күл-қоқыс шығарылып, 5869 түп ағаш көшеті отырғызылған. Бұл туралы аталмыш акцияға жауапты сала басшысы Медет Әденов кеңінен мәлімет берді. Дегенмен сала басшының айтуынша, кейбір елді мекендерде тазалық талаптарының сақталмауы, қоқыстың бей-берекет жиналуы және арық жүйелерінің тазаланбауы секілді кемшіліктер анықталған. Бұл бағыттағы жұмыстарды аудан әкімі Ернар Есіркепов дер кезінде қалыпқа келтіруді және тазалық жұмыстарын күшейтуді ауыл әкімдеріне нақты тапсырма ретінде жүктеді. Күн тәртібіндегі келесі мәселе – шегіртке тектес зиянкестерге қарсы іс-шаралар. Биыл аудан бойынша үйірлі шегірткелерге қарсы 13,6 мың гектар аумақта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде марокко шегірткесіне – 2600 гектар, итальян шегірткесіне – 11 мың гектар жер қамтылмақ. Қажетті техникалар мен мердігер ұйымдар анықталып, дайындық жұмыстары толықтай аяқталған. Аудан әкімі бұл мәселе де бақылауды талап ететін мәселе екенін айтып, әсіресе, шаруа қожалық басшыларымен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды. Сонымен қатар кеңесте инвесторларды тарту, кәмелетке толған жастарды көктемгі әскери науқанға шақыру сынды тақырыптар да қозғалып, ондағы проблемаларды шешу жолдары кеңінен қарастырылды.
Жәнібек Базылбек.