Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
15 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
15 наурызда өткен Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан айрықша үлесі үшін Т.Рысқұлов ауданында бірқатар азаматтар марапаттарға ие болды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен №333 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Шайбүбі Қажанқұлқызы Алдабергенова марапатталды. Бұл марапат – референдум науқанын жоғары деңгейде ұйымдастыруға қосқан елеулі еңбектің айқын көрінісі. Сонымен қатар Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізуді ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтың Алғыс хатымен аудан аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Ералы Ермекұлы Әлібаев марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсіміне Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов пен Т.Рысқұлов аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов қатысты. Олар марапат иелеріне Алғыс хаттарды табыстап, жауапты науқан барысында көрсеткен кәсібилігі және адал қызметі үшін ризашылықтарын білдірді.
Өз сөзінде аудан басшысы Ернар Серікәліұлы референдумның қоғамдық-саяси маңызына тоқталып, аудан көлемінде науқанның жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткенін атап өтті. Ал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов марапат иелерінің көп жылғы тәжірибесі мен біліктілігі референдумды сапалы өткізуге зор септігін тигізгенін атап өтті.
Іс-шара соңында марапат иелеріне алдағы жұмыстарына сәттілік, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс тілеп, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалыса берулеріне сенім білдірді.
«Құлан таңы» ақпарат.