17 Views
КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда ауданның 2026 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
Кеңес барысында жауапты бөлім басшылары баяндама жасап, индикаторлық көрсеткіштердің орындалу деңгейі сараланды.
Жиында бірқатар индикаторлардың орындалмай отырғаны айтылып, оған әсер еткен себептер талқыланды. Атап айтқанда, инвестиция тарту, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, ет және сүт өндірісі, медицина қызметкерлерімен қамту, D-E санатындағы отбасылар санын төмендету бағыттарындағы көрсеткіштер бойынша нақты міндеттер жүктелді. Сонымен қатар кейбір ауылдық округтерде жоспарлы жұмыстардың тиісті деңгейде жүргізілмей отырғаны атап өтілді. Сондай-ақ, кеңесте «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтердің нақтылығы мен өзектілігін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Жауапты мамандарға әлеуметтік осал санаттағы отбасылармен жұмысты жүйелеп, тұрмыстық жағдайды тұрақты зерделеу, туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, нақты қолдау шараларын ұйымдастыру тапсырылды.
Кеңес қорытындысында аудан әкімі жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын қатаң бақылауға алып, кемшіліктерді жою бойынша нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Ақжарқын МҰРАТБЕК.
Поделиться ссылкой: