“Халық әуені” жобасының қорытынды концерті өтті

21 Views

“Халық әуені” жобасының қорытынды концерті өтті

Өткен сенбіде ауданымызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан «Халық әуені» жобасының қорытынды концерті өтті.

Мэлс Өзбеков атындағы аудандық  мәдениет үйінде өткен кеште көрермен назарына ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің ұлттық және әлем халықтарының билерінен құралған әсерлі концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Би ансамблінің сахналық қойылымдары көпшілікке ерекше әсер сыйлап, өнер ұжымына көрермен тарапынан зор қошемет көрсетілді.

Концерт соңында аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Ғабдоллаұлы ансамбль әртістеріне алғыс хаттар табыстап, мәдениет саласына қосқан елеулі үлестері үшін ризашылығын білдірді.

«Құлан медиа»  ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий