Өрт –  тілсіз жау

30 Views

Өрт –  тілсіз жау

Күннің ысуымен бірге өрт қауіптілігі де арта түседі. Тілсіз жаудан сақтану – баршамызға ортақ міндет. Құтқарушылар келесі қарапайым ережелерді қатаң сақтауды сұрайды:

1.Құрғақ шөп пен қоқысты өртемеңіз. Ауыл маңындағы немесе аулаңыздағы шөпті өртеу үлкен өртке әкеп соғуы мүмкін.

2.Отпен абай болыңыз. Табиғат аясына шыққанда сіріңке мен темекі қалдығын сөндірмей тастамаңыз. Сөндірілмеген бір ұшқыннан бүкіл қыр өртенуі мүмкін.

  1. Балаларды қадағалаңыз. Балаларға сіріңкемен және оттықпен ойнауға рұқсат бермеңіз.
  2. Тұрмыстық техниканы тексеріңіз. Ауа баптағыштар (кондиционер) мен желдеткіштерді тоққа қосулы күйі қараусыз қалдырмаңыз.

Өрт байқалған жағдайда уақыт жоғалтпай, бірден 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз. Өз қауіпсіздігіңізге және жақындарыңыздың өміріне жауапкершілікпен қараңыз.

Аудандық Төтенше

 жағдайлар бөлімі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий