Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2026 жылдың 4 айындағы әкімшілік және сот практикасының қорытындылары

28 Views

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2026 жылдың 4 айындағы әкімшілік және сот практикасының қорытындылары

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 722-бабына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) өз құзыреті шегінде аудит материалдары, сондай-ақ, құқық қорғау және мемлекеттік органдардан келіп түсетін материалдар бойынша әкімшілік істерді қарайды және хаттамалар жасайды.

Атап айтқанда, Кодекстің 207-бабында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін, ал құқық бұзушылық қайталанған жағдайда 200 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген.

Кодекстің 238 және 239-баптарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Аталған құқық бұзушылықтар үшін жеке тұлғалар, лауазымды тұлғалар және заңды тұлғалар құқық бұзушылықтың сипаты мен қайталануына байланысты 100-ден 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Кодекстің 250-бабына сәйкес, міндетті аудит жүргізуден жалтару:

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК;

– орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады. Сонымен қатар Департамент Кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша хаттамалар жасап, оларды ведомстволық бағыныстылығы бойынша сот органдарына жолдайды. Заңды талаптар мен нұсқамаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Аталған әкімшілік істер Кодекстің 810 және 811-баптарына сәйкес, қысқартылған тәртіппен қаралуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Бұл ретте айыппұл сомасының 50 пайызын 7 тәулік ішінде төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

2026 жылдың 4 айында Департаментпен 221 материал тіркелді. Оның ішінде:

– 186 материал бойынша тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 35 материал қарау үшін сотқа жолданды. Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 34,3 миллион теңгені құрады. Оның ішінде 25,0 миллион теңге өндірілді, бұл 73%-ды құрайды.

Өндірілмеген қалдық сома 9,4 миллион теңгені құрады. Оның ішінде 6,3 миллион теңге жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындатуға жолданды, қалған материалдар бойынша орындау мерзімдері аяқталмаған.

Есепті кезеңдегі аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша Департаментпен 3 талап-арыз беріліп, қазіргі уақытта сот қарауында. Департаментке қатысты талап-арыздар түскен жоқ. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мекеме басшыларына қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Марат Егембердиев,

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.

 

Итоги административной и судебной практики Департамента внутреннего государственного аудита по Жамбылской области за 4 месяцев 2026 года

В соответствии со статьей 722 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях» Департамент внутреннего государственного аудита по Жамбылской области (далее – Департамент) в пределах своей компетенции рассматривает административные дела и составляет протоколы по материалам аудита, а также по материалам, поступающим от правоохранительных и государственных органов.

В частности, статьей 207 Кодекса предусмотрена административная ответственность за нарушение законодательства Республики Казахстан о государственных закупках в виде штрафа в размере от 10 до 100 месячных расчетных показателей (МРП), а при повторном совершении правонарушения – 200 МРП.

Статьями 238 и 239 Кодекса предусмотрена ответственность за нарушение законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности. За данные правонарушения физические, должностные и юридические лица привлекаются к административной ответственности в виде штрафов в размере от 100 до 1000 МРП, в зависимости от характера и повторности нарушения.

Согласно статье 250 Кодекса уклонение от проведения обязательного аудита влечет наложение административного штрафа:

– на субъектов малого предпринимательства – в размере 15 МРП;

– среднего предпринимательства – 20 МРП;

– крупного предпринимательства – 200 МРП.

Кроме того, Департаментом составляются протоколы по части 3 статьи 462 Кодекса, которые направляются в судебные органы по подведомственности. За невыполнение либо ненадлежащее выполнение законных требований и предписаний предусмотрен штраф на должностных лиц в размере 15 МРП.

Следует отметить, что указанные административные дела могут рассматриваться в сокращенном порядке в соответствии со статьями 810 и 811 Кодекса, предусматривающими возможность уплаты 50% суммы штрафа в течение 7 суток.

За 4 месяца 2026 года Департаментом зарегистрирован 221 материал, из которых:

–  по 186 материалам лица привлечены к административной ответственности;

– 35 материалов направлены в суд для рассмотрения.

Общая сумма наложенных административных штрафов составила 34,3 миллион тенге, из которых взыскано 25,0 миллион тенге, что составляет 73%. Остаток невзысканной суммы составляет 9,4 миллион тенге, из них: 6,3 миллион тенге направлены на принудительное исполнение частным судебным исполнителям, по остальным сроки не истекли.

По результатам проведенных аудиторских мероприятий за отчетный период Департаментом подано 3 исковых заявления, которые находятся на рассмотрении суда. Исковые заявления, поданные в отношении Департамента, отсутствуют.

В целях профилактики нарушений руководителям учреждений даны разъяснения норм действующего законодательства Республики Казахстан и указано на необходимость строгого соблюдения требований законодательства.

 

Марат Егембердиев,

руководитель департамента внутреннего

 государственного аудита по Жамбылской области.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий