Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

13 Views

Жер қатынастары саласындағы
мемлекеттік қызметтердің негізгі
түрлері
Қазіргі уақытта азаматтар жер
мәселелеріне қатысты көптеген мемлекеттік қызметтерді пайдалана алады.
Олардың қатарына жер учаскесіне
құқық алу, жеке тұрғын үй құрылысы
үшін жер учаскесін алуға кезекке
тұру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, жерге орналастыру
жобаларын бекіту және жер учаскесін
жалдау мерзімін ұзарту сияқты қызметтер жатады.
Аталған қызметтер азаматтардың
жергеқатыстықұқықтарынзаңдытүрде
рәсімдеуге, жер ресурстарын тиімді
пайдалануға және жер қатынастары
саласындағы жұмыстардың жүйелі
жүргізілуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының жер
заңнамасы мен тиісті нормативтік
құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік қызметтерді
электрондық форматта алу
Цифрландырудың дамуына байланысты жер қатынастары саласындағы
мемлекеттік қызметтерді электрондық
форматта алу мүмкіндігі кеңейіп
келеді. Азаматтар қажетті қызметтерге
«eGov.kz» электрондық үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.
Сонымен қатар қызмет түріне қарай
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе жер
учаскесі орналасқан жердегі жергілікті
атқарушы органға жүгінуге болады.
2026 жылғы қаңтардан бастап
жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгерту, жалдау мерзімін ұзарту және жер учаскесін жеке меншікке сатып
алу бойынша бірқатар мемлекеттік
қызметтерді онлайн алу мүмкіндігі
енгізілді. Бұл жаңашылдықтар азаматтардың уақытын үнемдеуге, құжаттарды рәсімдеу үдерісін жеңілдетуге
және қызметтердің ашықтығын арттыруға бағытталған.
Электрондық қызметті алу үшін
азамат тиісті қызмет түрін таңдап,
өтініш нысанын толтырады. Қажетті
мәліметтер мен құжаттарды ұсынады
және талап етілген жағдайда өтінішті
электрондық цифрлық қолтаңба арқылы растайды. Өтініштің қаралу
барысын жеке кабинет арқылы бақылауға болады.
Құмарық ауылдық округі
әкімінің аппараты.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий