Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әр адамның парызы
Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өз
тарихын, мәдениетін және ұлттық
болмысын айқындайтын қасиетті
рәміздері болады. Солардың ішінде
Мемлекеттік Тудың орны ерекше. Көк
байрақ көкте желбіреген сайын кеудемді
ерекше мақтаныш сезімі кернейді.
Мемлекеттік Ту – елдің егемендігін
білдіретін белгі ғана емес, халықтың
рухын, бірлігі мен болашаққа деген
сенімін және біртұтастығын бейнелейтін
қастерлі құндылық. Қазақстан Респуб-ликасының көк байрағы алғаш рет
Тәуелсіздігімізбен бірге көкке көтерілді.
Содан бері ол әлемге Қазақстан атты
мемлекеттің өз жолы мен жарқын
болашағы бар екендігін танытып келеді.
Туымыздың көгілдір түсі – бейбітшілік
пен татулықтың, ашық аспан мен
тұрақтылықтың айқын белгісі. Ал
Тудың ортасындағы алтын күн мен
қыран бүркіт еркіндікке ұмтылған
халқымыздың асқақ арманын, жарқын
болашаққа деген сенімін білдіреді.
Ұлттық өрнек болса, ғасырлар бойы
қалыптасқан мәдениетіміз бен салт-дәстүріміздің көрінісі. Бүгінде көк
байрағымыз әлемнің түкпір-түкпірінде
желбіреп тұр. Халықаралық жарыстарда
жеңіске жеткен спортшыларымыздың құрметіне көтерілген сәттерде әрбір
қазақстандықтың жүрегін мақтаныш
сезімі кернейді. Өйткені сол сәтте
Мемлекеттік Ту – тек спортшының
ғана емес, бүкіл елдің жеңісін
білдіреді. Ғылымда, мәдениетте,
білім мен өнерде де жетістікке жеткен
азаматтарымыз да көк байрағымызды
әлемге танытып келеді. Мемлекеттік
Рәміздерді құрметтеген жас өз елін
де құрметтейді. Тәуелсіздіктің қадірін
түсіну, Мемлекеттік Рәміздерді қастерлеу – әр азаматтың парызы. Бұл
– отансүйгіштіктің алғашқы қадамы деп
білемін. Мен үшін Қазақстанның көк
байрағы – Тәуелсіздіктің, Еркіндіктің
және ұлттық рухтың символы. Оған
қарап еліміздің өткені мен бүгініне,
болашағына деген сенімім арта түседі.
Қарақат ЖАНАТ,
Мұхтар Әуезов атындағы тірек
мектебінің 2024 жылғы түлегі.
Қазақ ауылы.
