Буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу – үштік одақ міндеті

20 Views

Бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті
мәселелердің бірі – балалар арасындағы
буллинг пен зорлық-зомбылықтың
алдын алу. Бұл мәселені шешу тек
мектептің ғана емес, ата-ана мен
қоғамның ортақ міндеті. Осыған орай,
жуырда Тұрар Рысқұлов атындағы
мектеп-лицейінде мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы өзара
ынтымақтастықты күшейтіп, қауіпсіз
білім беру ортасын қалыптастыру
мақасатында «Буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу – үштік одақ
міндеті» тақырыбында ата-аналармен
семинар-практикум өткізілді. Аталған
іс-шараға аудандық білім бөлімінің
бас маманы Базарқұлова Анар
Иманбайқызы, аудандық ардагерлер
Кеңесінің төрағасы Бижанов
Қожайхан Қазыбайұлы, аудандық
әкелер кеңесінің төрағасы Маңғұтов
Мырзабек Қарақұлбайұлы, Луговой
ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Сағымбек Досымбеков, Луговой
ауылдық округі әкімі аппаратының
жетекші маманы Қарабаева Нурила
Илиясбекқызы, Түркісіб теміржол
станциясы КПБ бастығының
орынбасары, полиция подполковнигі-
Ертаев Медет Әбдіжалалұлы, ювеналды
полиция тобының инспекторы Жүнісов
Қуаныш Ілесбекұлы арнайы қадірлі
қонақ ретінде шақыртылды.
Баланың жүрегіне жылу, бойына
мейірім, санасына сенім ұялататын
үш күш бар: мектептің білімі, ата-ананың мейірімі, оқушының
талпынысы. Осы үш жасампаз күш
бірігіп, «Үштік одақ» деп аталатын
берік құндылық қалыптастырады.
Бірліктің, сүйіспеншілік пен үйлесімнің
символы ретінде «Үштік одақ» биі
сахна төрінде орындалды. Алғы сөз
сөйленіп, семинар-практикум әсерлі
басталды.
Іс-шара барысында ең алдымен
мектеп әкімшілігі буллингтің түрлері,
оның баланың психологиялық
дамуына тигізетін әсері және зорлық-зомбылықтың салдары туралы деректер
ұсынды. Заманауи статистикалық
мәліметтерге сүйенген ақпарат ата-аналарға үлкен ой салды. Ұстаздар
балалар арасындағы конфликтіні
болдырмау әдістерін, ерте алдын алу
тетіктерін және тәрбие жұмысының тиімді формаларын түсіндірді.
Семинар-практикумның тәжірибелік
бөлімінде ата-аналарға арнайы
жағдаяттық тапсырмалар беріліп,
түрлі ситуацияларда дұрыс шешім
табу жолдары көрсетілді. Баланың
эмоциялық күйін түсіну, сенімді қарым-қатынас орнату, зорлықсыз тәрбие
тәсілдерін қолдану туралы ата-аналар
пікір алмасты. Психолог тарапынан ата-аналарға конфликтіні реттеудің тиімді
әдістері, кикілжің кезінде баламен
жұмыс істеудің жұмсақ тәсілдері
ұғындырылды.
Қазіргі бала – цифрлық ортада өсіп
келе жатқан ұрпақ. Сондықтан интернет
қауіпсіздігі отбасының, мектептің
және қоғамның ортақ міндеті. Ата-аналар назарына «Қауіпсіз интернет,
буллинг, кибербуллинг» тақырыбында
Әйгерім Жадыраеваның лекция сабағы
ұсынылды. Отбасы мүшелерінің бір-бірін тереңірек түсінуіне көмектесу,
адам мінезінің, әрекеттерінің астарында
қандай себептер болатынын ұғындыру,
жанұядағы мейірім, түсіністік, сабыр
құндылықтарын нығайту мақсатында
«Ащы пияз» – тәрбие тағылымында»
әдістемесі талқыланды. Баланың әр
мінезінің артында бір себеп бар. Әр
қабаттың ар жағында сезім бар, әр
сезім нің түбінде қажеттілік бар: жылу,
түсіністік, назар, қолдау, қауіпсіздік.
Тәрбие – сол қабаттарға сабырмен,
мейіріммен үңіле білу. Пияздың ащы
қабатына ашуланып, өкпелеп тастап
кетсек, біз оның ең жұмсақ, ең шынайы
өзегіне қосыла алмаймыз. Тәрбие пияз
сияқты. Қабаттарын ашқан сайын
ащылығы азаяды, мейірімі көбейеді.

Іс-шараның басты өзегі – «Үштік
одақ» принципі болғандықтан, мектеп,
отбасы және оқушы бірлесе әрекет
еткен жағдайда ғана қауіпсіз, мейірімді
орта қалыптасатыны ерекше атап
өтілді. Ата-аналар да өз тараптарынан
балаларының мінез-құлқын бақылау,
интернеттегі қауіпсіздікке назар аудару,
отбасындағы жылы атмосфераны сақ-тау сияқты міндеттерді орындауға
дайын екендерін білдірді.
Семинар-практикумның бір бөлігі
ре тінде арнайы «Қонақтар» сессиясы
ұйымдастырылды. Бұл бөлімде іс-шара қонақтары, ата-аналар, мектеп
педагогтері кез келген тақырып бойын-ша өз пікірлерін, ұсыныстарын және
тәжірибелерін ортаға салды.
Семинар-практикум ата-аналардың
белсенді қатысуымен, өзекті мәселелер
бойынша пікір алмасумен және нақты
ұсыныстар қабылдаумен аяқталды. Іс-шара соңында мектеп пен ата-аналар
арасындағы өзара ынтымақтастықтың
нығайғаны байқалды. Мұндай кездесу-лер тәрбиелік жұмыстың сапасын арт-тырып қана қоймай, балалардың қауіп-сіз дігіне бағытталған маңызды қадам
болып табылады.
«Жүрегімізден төгілген мейірім –
балаларымыздың жарқын болашағына
жол болсын!» деген әдемі тілекпен
қонақтар, ата-аналар тарқасты.
Ербол КАЙПУЛДАЕВ,
Тұрар Рысқұлов атындағы
мектеп-лицейінің
директоры.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий