Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін бе?

14 Views

БҮГІНГІ ТАҢДА ЖЕМҚОРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТЕК ҚАЗАҚСТАНДА ҒАНА ЕМЕС, ӘЛЕМНІҢ БАСҚА ДА ЕЛДЕРІ ҮШІН АСА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ЯҒНИ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰЛТ- ТЫҚ ШЕКТЕУЛЕРДІ БІЛМЕЙДІ.

Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайды.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді.
Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі – ол лауазымды тұлғаның өз қызметін, беделін асыра пайдалана отырып заңсыз тірліктерге баруы.
Сыбайлас жемқорлықтан келетін шығын, зиян орасан. Бұл тек материалдық жағынан ғана емес, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік экономикалық қарыштап дамуын тежейтіні баршаға белгілі.
Әрине сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу үшін мемлекетімізде барлық жағдайлар жасалған.
Жалпы алғанда сыбайлас жемқорлықтың тарихы тым тереңде жатыр. Сыбайлас жемқорлық туралы мәліметтер тіпті антик дәуірінің мұрасында кездеседі. Мысалыға, ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өз жұмыстарында бірнеше рет билікті асыра пайдалану мен парақорлықтың қоғамның экономикалық, саяси және рухани өміріне күйретуші және бұзушы ықпалы туралы ескерткен. Пайдакүнемдік – мемлекеттік басқаруда жол берілмейтін, сыбайлас жемқорлықтың себептері деп атаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі зор. Қазір ақпарат заманы. Жұрт елдегі болып жатқан ақпараттардан лезде хабардар болып отырады. Міне осы мүмкіндікті тиімді пайдалануымыз керек. Яғни ақпарат құралдарында жемқорлыққа, парақорлыққа қарсы тұрған парасатты азаматтар туралы мақалалар, сюжеттер жиі берілуі тиіс. Және тек парамен ұсталғандарды ғана емес, пара алмайтын жандар туралы да көбірек жазылуы тиіс. Соларды үлгі етуіміз керек.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жағдайында жастар санасына адалдық пен әділдіктің, парасаттылық пен қайырымдылықтың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге тиіспіз. Міне біздің қоғамның санасы осындай дәрежеге жетуі тиіс. Қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптасуы шарт. Адам баласы пара алу немесе пара берумен қатар ары мен абыройын да саудаға салып жатқанын жан-тәнімен сезінуі керек. Әсіресе жас бала пара дегеннің не екенін білмей өсуі керек.
Міне бүгінгі заманның ақпарат құралдары сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресте осындай сананың қалыптасуына үлес қосып, парасатты жандардың тіршілігін көпке үлгі етуі тиіс.
Жалпы біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін бе?
Біз сыбайлас жемқорлықтың белгілерімен және көріністерімен күнделікті тіршілігімізде жиі кездесеміз. Дүниеге сәбиіміз келіп, оны перзентханадан шығару, бала бақша, мектепке бару, одан жоғарғы оқу орнына заң мен сот алдында бәрі тепе-тең. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруда сенім басты рөл атқарса керек. Жұрт «Ұрлық түбі – қорлық» екеніне, қандай үлкен қызметте отырса да жемқорлық қылмысына шатылған кез-келген лауазымды тұлғаның, кез-келген адамның жауапкершілікке тартылатынына сенімді болуы тиіс. Міне осы сенім адамдардың әділ қоғам құруға деген құлшынысын оятады.
Сіз қалай ойлайсыз?
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін бе?
БҮГІНГІ ТАҢДА ЖЕМҚОРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТЕК ҚАЗАҚСТАНДА ҒАНА ЕМЕС, ӘЛЕМНІҢ БАСҚА ДА ЕЛДЕРІ ҮШІН АСА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ЯҒНИ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰЛТ- ТЫҚ ШЕКТЕУЛЕРДІ БІЛМЕЙДІ.
Сонымен бірге экономиканың одан әрі өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлемнің неғұрлым дамыған бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру жөніндегі өршіл міндетті жүзеге асыру бойынша стратегиялық міндеттерді шешу мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға негізделген жаңа жүйелі шаралар қабылдауды және оны іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруды талап етеді, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік берер еді.
Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар көп жағдайда жүйесіз, нәтижесі шамалы, атүсті жұмыс ретінде қабылданып, жемқорлыққа қарсы күрес – бұл құқық қорғау органдарының ғана еншісінде деген пікір қалыптасқан. Осындай теріс көзқарас қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қарқынын айтарлықтай бәсеңдетіп қана қоймай, жастардың рухани және имандылық тұрғыдан дамуында қоғамымыздың дәстүрлі құндылықтары: отбасы мен аға ұрпаққа деген құрметтің құнсыздануына жол ашып отырғандықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үдеріс тәрбиесіндегі маңызды рөл отбасына тиесілі. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу, бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді.
Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып отырғанын көрсетіп берді. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.
«Қандай қоғам болса, отбасы да сондай» деп айтады. Қоғамда жүретін барлық жағдайлар отбасы қатынастарында қалай болғанда да көрініс табады. Бір нәрсе анық, қоғамда моральдық адамгершілік деңгей төмендеген кезде, отбасыға осындай құбылыстарға қарсы күресу қиынға түседі. Сондықтан өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының адамгершілік жауаптылығын арттыру қажет. Отбасында борыш, адалдық, ар-намыс, әділдік талаптарына сәйкес келетін тұлғаның мінез-құлқының адамгершілік реттеуіштерін күшейту қажет.
Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы үшін жастарымыз сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамда құқықтық сауаттылығына да байланысты төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген сенімділігін күшейтеді.
Қазақ халқы тарихын тасқа жазған халық. Мемлекет болып қалыптасу, ұлт болып сақталу жолында небір «тар жол, тайғақ кешуді» басынан өткізді. Бірақ адалдық пен тазалық сияқты өмір заңдылығын, парасат пен мейірім сынды табиғаттың адамға сыйын бір сәтте жадынан шығармаған. Өйткені ол бақытын – адал еңбектен тапқан халық. Сондықтан бүгінгі таңда өскелең ұрпақты адал еңбекке баулуымыз қажет.
Бағдат ҚАЛДЫБАЙ,
журналист.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий