КОЛЛЕДЖДІҢ МАМАН ДАЯРЛАУ ІСІНДЕГІ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

11 Views

Аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті
отырысында
Құлан агротехникалық жоғары
колледжінің
2025–2026 оқу жылында ауылшаруашылығы
мамандарын даярлау бағытында
атқарған жұмыстары талқыланып,
қоғамдық
мониторинг нәтижелері сараланды.

Отырыста колледж директоры Тұрарбек
Шариповтың
есебі тыңдалды. Бүгінде білім
ордасында 117 қызметкер еңбек етсе, оның 59-ы
педагог, 58-і қызметкер. Оқу жылында 101 педагог
біліктілікті арттыру курсынан өткен. Бұл – білім
сапасын арттыруға, заманауи талаптарға сай
маман даярлауға бағытталған жұмыстардың бірі.
Колледждің 2025 жылғы түлектері арасында да
оң көрсеткіштер бар. 130 түлектің 62-сі жұмысқа
орналасса, 16-сы жоғары оқу орнына түскен, 32-
сі әскер қатарына шақырылған. Сонымен қатар
білім алушылардың өндірістік тәжірибеден өтуіне,
дуальді оқыту жүйесін дамытуға және шаруа
қожалықтарымен байланыс орнатуға басымдық
берілуде.
Материалдық-техникалық база жаңартылып,
студенттердің заманауи ауылшаруашылық
техникаларын
меңгеруіне және цифрлық технологияларды
игеруіне жағдай жасалуда.
Жиын барысында Қоғамдық кеңес тарапынан
колледжге жүргізілген қоғамдық мониторингтің
қорытындысы да қаралды. Мониторинг кезінде
оқу полигондары, зертханалар мен тәжірибелік
егіс алқаптары тексеріліп, білім беру
бағдарламаларының өндіріс талаптарына
сәйкестігі зерделенді. Жалпы оқу процесінің
бекітілген стандарттарға сай ұйымдастырылғаны
атап өтілді. Сонымен бірге анықталған кейбір
кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар
берілді. Қоғамдық кеңес колледждің ауылшаруашылығы
мамандарын даярлау жұмысын
қанағаттанарлық деп бағалады.

Алдағы уақытта сұранысқа ие мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырысты арттыру, өндіріс орындары мен шаруа қожалықтарының қажеттілігіне сай кадр даярлау және түлектерді мамандығы бойынша жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлу ұсынылды. Сондай-ақ, педагогтердің біліктілігін арттыру, заманауи білім беру технологияларын меңгеру, студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және «Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды. Колледж жатақханасындағы жағдай да назардан тыс қалған жоқ. Студенттерге қолайлы жағдай жасау үшін ескірген жиһаздарды жаңарту, асхана жұмысын жетілдіру және білім алушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту мәселелерін қарастыру ұсынылды.
Отырыста Қоғамдық кеңес құрамындағы өзгеріс те қаралды. Өмірден озған кеңес мүшесі Мұрат Жайлыбаевтың орнына резервтік тізімнен ауылшаруашылығы саласында тәжірибесі бар, бұған дейін Қоғамдық кеңес құрамында болған Доғдыралы Үрпековтың кандидатурасы ұсынылып, дауыс беру қорытындысымен қолдау тапты. Ол Қоғамдық кеңес мүшелігіне және тиісті тұрақты комиссия құрамына қабылданды.
Жалпы отырыста көтерілген мәселелер аудан көлемінде білікті мамандар даярлау, жастарды еңбекке баулу, білім беру сапасын арттыру және оқу орнындағы жағдайды жақсартуға бағытталған нақты міндеттерді айқындады. Қоғамдық кеңес тарапынан берілген ұсыныстардың орындалуы алдағы уақытта бақылауда болады.
«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий