Ұйымдасқан әрқашан ұтады

9 Views

Сәрсенбі күні түс мезгілінен соң аудан
әкімі Ернар Есіркепов Көкдөнен ауылдық
округінің тұрғындарымен кездесті.
Бұл жолғы кездесу әдеттегідей округ
орталығы саналатын Көкдөнен ауылында
емес, округке қарасты Жақсылық
ауылындағы Қызылпан Сұлтанбеков
атындағы орта мектепте өтті.
Жиынға жергілікті тұрғындар
көптеп жиналып, аудан әкімінің есепті
баяндамасын тыңдады. Баяндамада аудан
көлемінде атқарылған жұмыстар мен
алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер
сөз болды.
Кездесу барысында тұрғындар да
өздерін толғандырған мәселелерді ашық
ортаға салды. Атап айтқанда, ауыл
шаруашылығы саласындағы кадр
тапшылығын жою, көшелердің жолы
мен жарығын ретке келтіру, кірпіш
зауытының жұмысын зерделеу, жаңадан
құрылған көшелердегі газ құбырларына
қатысты мәселелерді шешу жөнінде
ұсыныстар айтылды.
Тұрғындар тарапынан көтерілген
әрбір мәселе назардан тыс қалмай, тиісті
сала мамандарына нақты тапсырмалар
берілді.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий