Жамбыл облысында үш мыңға жуық пәтер салынуда

10 Views

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ ТҰРҒЫН ҮЙ
САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ, ХАЛЫҚТЫ
БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖЕР
УЧАСКЕЛЕРІН БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ.

Жиында облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орумбаев биыл кезекте
тұрған азаматтарды әлеуметтік баспанамен қамтамасыз етуге 20 миллиард теңге қарастырылғанын
айтты. Жыл соңына дейін 2 035 азаматты тұрғын
үймен қамту жоспарланып отыр. Бүгінде облыста бюджет қаражаты есебінен
2 941 пәтерге арналған 66 көпқабатты үйдің
құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін оның
35-і, яғни 1 685 пәтер пайдалануға беріледі деп
күтілуде. Тараз қаласының 15-шағын ауданында
қазірдің өзінде 345 пәтерлі 5 үйдің құрылысы
аяқталып, тұрғындарға берілді.

Сонымен қатар Тараздағы Асқаров
көшесі бойындағы жаңа тұрғын алқапта
1 176 пәтерге арналған 30 несиелік
үйдің құрылысы басталды. Бұдан бөлек
1 800 пәтерге арналған тағы 36 үйдің
жобасы әзірленді.
Әлеуметтік осал топтарға арналған
жалдамалы тұрғын үй сатып алуға
республикалық бюджеттен 4,9
миллиард теңге бөлінген. Қазіргі таңда
жоспарланған 350 пәтердің 92-сі сатып
алынды.
– Облыста бюджет қаражаты
есебінен ондаған көпқабатты үй
салынып, әлеуметтік осал санаттағы
азаматтарға баспана сатып алынуда.
Дегенмен біз үшін басты көрсеткіш
– пайдалануға берілген пәтерлердің
саны емес, олардың сапасы. Бюджет
қаражатына салынған немесе сатып
алынған әрбір пәтер қауіпсіз, жайлы әрі
қажетті инженерлік инфрақұрылыммен
қамтамасыз етілуі тиіс. Сапа бірінші
орында болуы керек, – деді Ербол
Қарашөкеев.
Облыс әкімдігі энергетика және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасының басшысы Нұрсұлтан
Исабековтің айтуынша, биыл «Отбасы
банк» арқылы 1 636 жалдамалы пәтер
бөлуге жолданған. Оның 1 249-ына
азаматтардан оң шешім алынған.
Жер учаскелерін алуға кезекте
тұрған азаматтардың тізімін өзектендіру
және жер телімдерін резервке қою
(Соңы. Басы 1-бетте).
жұмыстары туралы облыс әкімдігі жер
қатынастары басқармасының басшысы
Данияр Өтепов баяндады.
Қазіргі таңда өңірде жеке тұрғын
үй құрылысына жер телімін алу үшін
кезекте тұрған 260 197 азаматтың тізімі
жаңартылуда.
Ербол Қарашөкеев бұл жұмыстың
созбалаңға салынуына сын айтып,
Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне
кезектегі азаматтардың деректерін
өзектендіруді және жер учаскелерін
резервке қоюды жеделдетуді тапсырды.
Сондай-ақ, тұрғындарға инженерліккоммуникациялық инфрақұрылыммен
қамтамасыз етілген жер учаскелерін
беруді жеделдету, белгіленген кезектілік
тәртібін қатаң сақтау тапсырылды.
Атқарылып жатқан жұмыстардың
барысы, туындаған мәселелер мен
оларды шешу мерзімдері туралы
ақпаратты тұрақты түрде ұсынып отыру
міндеттелді.
Кеңес қорытындысы бойынша
облыс әкімі салынып жатқан тұрғын
үй нысандарын уақтылы әрі сапалы
аяқтауды, мердігерлермен жұмысты
күшейтуді, жалдамалы және несиелік
пәтерлерді бөлуді жеделдету міндеті
қойылды.
Бұдан бөлек құрылыс құнын
қымбаттатып, жұмыстың мерзімін
созуға әкелуі мүмкін жобаларға негізсіз
өзгерістер енгізуге жол бермеу жөнінде
тапсырма берілді.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий