НӘЗІКТІК пен ҚАЙСАРЛЫҚ тоғысқан жол
12 ViewsЖуырда Тараз қаласында бокстан 2009-2010, 2011-2012 және 2013-2014 жылдары аралығында туылған жастар мен жасөспірім қыздар арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша №24…
Қарақыстақ ауылдық,
Қарақыстақ балалар, Жаңатұрмыс,
Қазақ, Тасшолақ ауылаймақ кітапханашыларының
ұйымдастыруымен жақында
Бауыржан Момышұлы атындағы
орта мектепте
«Кітап оқитын ұлт» жобасы
аясында «Кітаппен кемелдікке»
атты оқу марафоны өтті.
«Кітаппен кемелдікке» оқу марафонының мақсаты – жас ұрпаққа
кітаптың құндылығын насихаттау,
кітап оқуға деген қызығушылығын
арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру және әдебиеттің адам
өміріндегі маңызын түсіндіру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы
Тоқаев кітап оқудың қоғам үшін маңызын атап өтіп: «Кітап оқу үрдісі төл
дүниетанымымыздың ажырамас бөлігіне, ұлттың озық қасиетіне айналғаны
жөн», – деген болатын.
Осы орайда «Кітап оқитын ұлт»
жобасының маңызы ерекше. Жоба
аясында өскелең ұрпақты кітап оқуға
баулу, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, ұлттық әдебиетіміз
бен рухани мұрамызды дәріптеу
көзделеді. Шара Асқар Абылайдың
орындауындағы «Жаса, қазағым!» әнімен ашылды.
Оқушылардың қатысуымен «Кітап –
білім бұлағы» атты көркем композиция
ұсынылды. Көркем композицияға
Айшуақ Сүйімбек, Мерей Байрбек,
Медина Мұрат, Жаннұр Жанатбай,
Назым Серік, Қазыбек Жексен,
Нұршуақ Жұлдызбек, Нұрислам Марат
қатысты. Кітапхана оқырмандары
Еркеназ Сарсенбай, Абылай Жұмахан, Ырыскелді Дәулет, Перизат
Қалымбетова, Мерей Байрбек, Ақниет
Қадыржан, Ясмина Балтабай өздерінің
сүйікті кітаптарын таныстырып, шығармалардың мазмұны мен тәрбиелік мәні
туралы ой бөлісті.
Ш а р а н ы ң қ ұ р м е т т і қ о н а ғ ы ,
Қазақстан Республикасының «Білім
беру ісінің үздігі», үздік өлкетанушы,
ауданның Құрметті азаматы Әлі
Бекқұлыұлы жастарға білім мен кітап
оқудың маңызы туралы тағылымды
әңгіме айтты. Сонымен қатар Қазақстан
Республикасының «Білім беру ісінің
үздігі», Ыбырай Алтынсарин атындағы
төсбелгінің иегері, ауданның Құрметті
азаматы, аудандық әкелер кеңесінің
төрағасы Мырзабек Маңғұтовпен
сұхбат ұйымдастырылып, жастарға
ұсынылатын шығармалар, кітаптың
адам өміріне ықпалы және қазіргі жас
оқырмандарға арналған ақыл-кеңестер
туралы сұрақтар қойылды. Музыкалық
бөлімде Айша Көпбосын мен Аяулым
Қалдыбай «Туған ел» әнін орындады.
Шара соңында қатысушылар кітап
көрмесімен танысып, кітап оқудың
маңыздылығы туралы ойларын ортаға
салды. Іс-шара барысында кітап оқудың
жас ұрпақтың білімін, ойлау қабілетін
және рухани дүниесін дамытудағы
маңызы кеңінен насихатталды. Қатысушыларға кітаппен дос болу, бос
уақытты тиімді пайдалану, көркем
әдебиет оқу және кітапхана қызметін
белсенді пайдалану ұсынылды.
Шараның басты ұраны ретінде:
«Кітап оқы – ойыңды өсір!», «Кітаппен дос бол – кемелдікке жол аш!»
деген сөздер ұсынылды. Іс-шара соңында аудандық орталықтандырылған
кітапханалар жүйесі директорының
орынбасары Демесинова Маржан
Нұрманқызы қорытынды сөз сөйлеп,
іс-шараға қатысушыларға алғысын
білдірді. Іс-шара соңында қатысушыларға сый-сияпаттар табысталды.
Ғалия АЛИМОВА,
Қарақыстақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы.