РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ
14 ViewsТарихта кейбір күндер жай ғана күнтізбедегі белгі болып қалмайды. Олар тұтас бір ұлттың тағдырымен, арманымен және болашаққа деген үмітімен байланысты болады. Республика күні –…
Республика күні мерекесі қарсаңында
Құлан ауылдық округіне қарасты
Қарақат елді мекенінде қуанышты
оқиға орын алды. №2 шағын орталықты
орта мектептің ғимаратына жапсарлас
салынған жаңа спорт нысанының
салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Игі іс-шараға ауыл тұрғындарымен қатар
аудандық ардагерлер Кеңесі мен аналар
кеңесінің, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері
қатысып, елді мекендегі жарқын жаңалықтың
куәсі болды. Салтанатты жиында аудан әкімінің
орынбасары Ернар Құралбаев сөз сөйлеп, жас
спортшылар мен мектеп ұжымын жаңа нысанның
ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар мектеп
оқушыларына мерекелік сый тарту етіп, өскелең
ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын
арттырудың маңыздылығына тоқталды. Айта
кетейік, жүзеге асқан жоба тек спорт залымен
шектелмейді. Мұнда балалардың жан-жақты
дамуына мүмкіндік беретін ойын және жаттығу
алаңдары, баскетбол, волейбол және футбол
алаңдары қарастырылған. Сондай-ақ, аумақты
абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, мектеп
айналасы толықтай қоршалған. Бұған
қоса, мектептің жылыту жүйесі газға ауыстырылып,
білім алушылар үшін қолайлы жағдай жасалды.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.