Азат елдің асқақ мерекесі

10 Views

Аудандық мәдениет үйінде 25 қазан –

Республика күніне орай салтанатты мерекелік

іс-шара өтті. Бұл күн – еліміздің егемендігі

мен тұтастығын айқындайтын азаттықтың

алтын діңгегі. Осы айтулы күндегі салтанатты

жиынға аудан тұрғындары, ардагерлер,

мекеме басшылары мен зиялы қауым өкілдері

қатысты.

Мерекелік іс-шара шымылдығы Қазақстан

Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен

ашылып, жиналған қауымға ерекше рух сыйлады.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары

Бақкелді Ғабдоллаұлы құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық

және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан, өз сала

сында адал еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарды

марапаттады. Атап айтқанда, өңірдің өркендеуіне

сіңірген еңбегі үшін бірқатар азаматтар «Облысқа

сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталса,

тағы бірқатар азаматтарға облыс әкімінің және

аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс

хаттары салтанатты түрде табыс етілді. Мерекелік

жиынның ресми бөлімінен кейін шара Мэлс Өзбеков

атындағы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының

дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Сахна төрінде орындалған патриоттық әндер,

күмбірлеген күйлер мен мың бұралған билер залда

отырған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй мен

ұмытылмас әсер сыйлады.

«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий