ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
ӨМІРБАЯНЫ
Алкереев Нұржан Сайлаубекұлы 1984 жылы Р.Сәбденов ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан
облысы Орталық Азия инновациялық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2008-2012 жылдар аралығында Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша салық басқармасында жетекші маман болып
бастап, осы мекемеде әр түрлі бөлімдерде басшылық жұмыстар істеген. 2013-2019 жылдар аралығында Т.Рысқұлов ауданы
әкімдігінің бөлімдерінде бас маманнан бастап, бөлім басшысы, аудан әкімінің аппарат басшысы қызметтерін атқарған.
2019 жылдың мамыр айынан бастап, бүгінгі күнге дейін «Құлан жолдары» ЖШС-нің бас инженері болып еңбек етіп келеді.
Отбасылы. Аяулы жары екеуі 4 бала тәрбиелеп өсіріп отыр.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Менде өзге кандидаттар секілді өзін-өзі
ұсыну тәртібімен Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде тіркеліп отырмын. Мақсат –
өзімнің жеке басымның мүддесі емес. Шамам келгенше, жұртшылыққа жақсылық жасау. Сайлауға осы мақсатпен ғана
қатысып отырмын.
Менің сайлауалды бағдарламамның бағыттары мынадай:
1. «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз». Шүкір, қазіргі таңда ауылдарда жағдай жақсарып келеді. Кейбір ауылдар қаладан
да ешбір кем емес. Дегенмен оған тоқмейілсуге болмайды. Мемлекеттіңде өз стратегиясы бар. Онда ауылдарды бұдан әрі
де дамыту көзделген. «Құлан жолдары» ЖШС-нің бас инженері ретінде ғана емес, қарапайым адам ретінде де мен осыны
ұқтым. Сондықтан депутаттыққа өткен жағдайда өз округімдегі халықтың ұсыныс-пікірлері мен көтерген мәселелері менің
басты назарымда болмақ.
2. Жол сапасы мен инфрақұрылым мәселелерінің маңыздылығы. 2019 жылдан бері мен «Құлан жолдары» ЖШС-де
жұмыс жасап келемін. Ауылішілік жолдардың мәселесін жақсы білемін. Егерде депутат болып жатсам, мен осы жайттарды
тереңірек қаузар едім.
3. Көшелерді жарықтандыру мәселесін шешуге де қолымнан келгенше ықпал ететін боламын.
4. Жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындардың жағдайын жақсартуға да дәнекер боламын.
5. Ауыз су, электр энергиясы және басқа да инженерлік желілердің сапалы қызмет көрсетуін бақылауды назарға аламын.
6. Шағын және орта бизнесті дамытуға да хал-қадірім жеткенше көпшілікке қолдау көрсету ойымда бар.
7. Қоғамдық көлік және тұрғындарға қажетті қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға да мүдделімін.
8. Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тұрақты негізде тыңдау.Ең басты критерий осы деп ойлаймын. Яғни
көпшіліктің үніне назар салу.
Құрметті сайлаушылар! Депутаттық қызметті халық сеніміне негізделген үлкен жауапкершілік деп білемін. Мен үшін
әрбір тұрғынның пікірі, әрбір отбасының жағдайы және ауылдың болашағы маңызды. Алдағы уақытта тұрғындармен
тұрақты байланыста болып, елді мекеніміздің өзекті мәселелерін шешуге барынша күш салуға ниеттімін. 29 қараша күні
мені қолдап, маған дауыс беріңіздер!
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.
