ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАР
ӨМІРБАЯНЫ
Мақатай Шахаризада Әсетқызы 1998 жылы Меркі ауылында дүниеге келген. 2019 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Білімі – жоғары. 2019-2024
жылдар аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2024 жылдан бастап «Азиза» балабақшасы меңгерушісінің орынбасары
болып қызмет атқарып келеді.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №14 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Мен қазір мектепке дейінгі білім беру
қызметінде, яғни балабақшада жұмыс жасаймын. Әрине – оңай жұмыс емес. Бұл қызметте барынша сауатты, білімді, білікті,
жан-жақты, адами болмысыңмен үлгі болуың керек. Әйтпеген күнде бала бәрін біледі, сезеді. Сол секілді, жай адам депутат
та болмауы керек, меніңше. Өз ісін жақсы білетін, адамдармен тіл табыса алатын, қоғамның жанайқайын атқарушы билікке
жеткізе алатын адамдардың депутат болғаны дұрыс деп ойлаймын. Мен № 14 округтен аудандық мәслихат депутаттығына
сол үшін де сайлауға түсіп отырмын. Егерде депутаттық мандатқа ие болсам, мынадай мәселелердің оңды шешілуіне бар
күш-жігерімді жұмсайтын боламын.
1. Отандық тауар өндірушілерді қолдау.
2. Агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
3. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.
4. Болашағы зор сала ретінде туризм индустриясын дамыту үшін инфрақұрылымдар құру. Сондай-ақ, әлеуметтік саладағы
мәселелердің жай-жапсарын өзімнің сайлауалды бағдарламама қосып отырмын.
5. Балалар мен жастар арасында мақсатты түрде жұмыс жүргізу. Олар бос уақытын тиімді пайдалану керек.
6. Жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздықпен күресу.
7. Ұлтаралық татулық пен рухани келісімді нығайту бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек.
8. Өкінішке орай дейміз бе, жасыратын несі бар, жоғары оқу орнын бітіріп келген жас мамандар жұмыс таппай жатады.
Ол да үлкен проблема негізі. Сайлауалды бағдарламамды қағазға түсірерде бұл мәселені шешуге де шамамның жеткенінше
жұмыс жасаймын деп шештім.
Құрметті сайлаушылар! Қазақ елі қазіргі таңда дамудың даңғыл жолына қадам басты. Барлық салада өрлеу мен
өркендеу бар. Дегенмен алдағы уақытта атқарылар істердің де ауқымды екені белгілі. Елде әрдайым бейбітшілік болсын.
Сонда ғана экономикамыз өсіп, ел мерейі артады. Егер сайлаушылар сенім білдіріп, қолдау көрсетіп жатса, жоғарыда атап
өткен жұмыстарды жүзеге асырамын деп отырмын. Осы бағытта өзімнің сайлауалды бағдарламамды да жазып шықтым.
Шынайылық пен адалдық – менің басты принципім. Сол себепті де көпшілік мені қолдайды деген үміттемін.
29 қарашада маған дауыс беріп, мені қолдаңыздар.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.
