ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
ӨМІРБАЯНЫ
Төребеков Наурыз Мұратұлы 1996 жылы Жақсылық ауылында дүниеге келген. 2022 жылы Тараз педагогикалық
институтын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. 2024 жылдан бастап «№24 балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де бокс жаттықтырушысы болып еңбек етіп келеді.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №14 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Қасиетті Құлан жерінен талай мықты
спортшылар шыққан. Атын атап, түрін түстейтін болсақ, Ермахан Ыбырайымов, Ислам Байрамуков, Ақжүрек Таңатаров,
Елдос Сметов секілді Олимпиада ойындарында жүлде алған сақа спортшылар осы біздің ауданда дүниеге келген. Яғни
олар өздерінен кейінгі жас спортшыларға үлкен стимул қалыптастырды десем, артық айтқандығым емес. Сол себепті де мен
өзімнің сайлауалды бағдарламамда жас спортшыларға арналған мынадай пунктіні енгізіп отырмын.
Ең әуелі балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту. Менде жастайымнан спортқа әуес болдым. Тіпті дене шынықтыру
және спорт мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірдім. Сондықтан бұл бағытта қандай қарекеттер істеу қажеттігін
жақсы білемін. Алдыңғы толқын ағалардың ізін қуып, чемпион болуға біздің балалар мен жасөспірімдерге толықтай
жағдай жасалған. Тек аянбай тер төгу керек. Егерде өзім сайлауға түсіп отырған №14 округтен депутат болып жатсам, жас
спортшыларға қолдау көрсетемін. Өйткені мен олардың жағдайын жақсы түсінемін. Қазір қарап отырсақ, жас кәсіпкерлерге
мемлекет тарапынан қолдау көп. Алайда олар, яғни менің замандастарым «бизнесті бастап кету оңай емес» деп түсінеді.
Бір жағынан оларды да жазғыра алмайсың. Көбісі мемлекеттік қолдаудың тетігін дұрыс пайдалана алмайды. Сондықтан
жастарға берілетін қайтарымсыз гранттың көлемін ұлғайтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, осы бағытта қолымнан
келгенше жұмыс атқаратын боламын. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін қаражат ашық түрде берілуі тиіс. Онда
жемқорлық болмауы керек. Себебі жемқорлық жарға жығады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арналған Жолдауларында шағын және
орта бизнестің жалпы ішкі өнімділігін арттыру қажеттілігі жайында ұдайы сөз қозғап келеді. Жергілікті атқарушы билік ел
Президентінің межелеген жоспарын дер кезінде пысықтап, оны тұрғындарға дұрыс жағынан дәріптеу қажет. Депутаттық
мандатқа ие болып жатсам, мен сөз еткен осы мәселелер бақылауда болады.
Құрметті сайлаушылар! 29 қарашада сайлауға келіп, белсенділік танытыңыз. Дауысыңызды маған беріңіз! Болашақ
мына мен секілді іскер әрі спортқа жаны құштар жастардың қолында!
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.
