Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
101 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Өз халқының қадір – қасиетін ұға білген жан ана тілін аяқ асты етпейді, өзге тілді де өзекке теппейді. Тіл қандай да болмасын ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы.
Жыл сайын қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесі аталып өтеді. Осындай ауқымды іс-шараға Алғабас шағын орталықты орта мектебі де атсалысып, «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты апталық өткізді.
Осыған байланысты мектепте «Тіл мәртебесі – ел мерейі» тақырыбында баяндама, «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты кітап көрмесі, «Тіл – ел байлығы» эссе байқауы, «Мен елімнің ертеңімін» сурет көрмесі, «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім!» атты тәрбие сағаты, «Тіл татулық тірегі» мәнерлеп оқу, «Тілім менің – таусылмайтын байлығым» атты жас ақындар байқауы, «Үш тілдің патшалығы» (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) сайыс сабағы өтті.
Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.
М.ЖАПАРҚҰЛОВА,
Алғабас шағын орталықты орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.