Жаңа Жолдау ел дамуына серпін қосады

935 Views

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан бизнеске қолдау еселеніп келеді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес пен мемлекет арасын байланыстырушы көпір болғандықтан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында микро және шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша айтылған нақты тапсырмалар мен ұсыныстарға тоқталып өтсем деймін.

Президенттің тапсырмасы бойынша бизнесті қолдау үшін Ұлттық қордан 100 млрд. теңге бөлінеді. Бұл қаражат бәсекеге қабілетті және инновациялық жаңа кәсіпорындар құруға, жаппай кәсіпкерлікті қолдауға бағытталмақ. Осы ретте, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП «Бастау» және «Жас кәсіпкер» атты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламаларын ауылды жерлерде жүргізу үстінде. Ағымдағы жылы бұл жоба шеңберінде облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірдің барлық аудандарында оқыту жұмыстарын жүргізіп, жұмыссыз жүрген 2200 адамды жұмыспен қамтығанын ерекше атап өткім келеді.

С о н ы м е н қ а т а р , П р е з и д е н т ө з Ж о л д а у ы н д а « Х а л ы қ а р а л ы қ нарықтағы Ұлттық бизнесті» қолдауға баса назар аударатынын айтты. Әсіресе, Мемлекет басшысының «Жұмыс берушінің жұмысшыға қосымша 5 пайыз зейнетақы аударуы 2023 жылға шегеріледі» деген сөзі кәсіпкерлеріміздің еңсесін тіктеді. Бұған дейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске ауыртпалық салуды ұлғайтуға қарсылығын білдіріп, межеленген нормаларды қайта қарау бойынша нақты позияцияны ұстанып, кәсіпкерлермен, тәуелсіз сарапшылармен бірігіп, осы салада қордаланған мәселелерді жан-жақты талқылап, Үкіметке жолдаған еді. Мінеки, соның нәтижесі Президент Жолдауында айтылып отыр.

Бүгінгі таңда өңірімізде шағын бизнес субъектілерінің саны – 69 мыңға жетеғабыл. Яғни, Жолдауда жазылған меже бойынша өз кәсібін жандандырып отырған осы кәсіпкерлеріміз үш жылға салық төлеуден босатылады. Бұл өз кезегінде бизнестің қолда бар кредиттік жүктемесін төмендетуге, айналым қаражатын тиімді пайдалануға, жұмысшылардың жалақысын арттыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, кәсіпорындарды жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Ал аудандық кәсіпкерлер палатасының жұмысына қысқаша тоқталып өтсек, 2017-2018 жылдары 371 адам «Бастау бизнес» жобасымен оқытылып, 224 адам несие алды. Алынған несиенің жалпы жиынтық сомасы – 869 765 000 теңге. Ал биыл 120 адам аталмыш б а ғ д а р л а м а ш е ң б е р і н д е к ә с і б и біліктілігін арттырып оқыса, 50 адам жеке кәсіп ашуға несие алды. Оның жалпы жиынтық сомасы – 147 420 000 теңге.

Ардақты әлеумет! Қазақ халқының ең құнды байлығы – тәу етер Тәуелсіздік. Бүгінгі күнге дейін жеткен жетістігіміздің барлығы Азаттығымыздың арқасы. Қазақстан – шекарасы шегенделген, іргетасы берік, экономикасы жоғары дамудың даңғыл жолына түскен тұғырлы мемлекет. Біздің келешегіміз алда. Мен оған сенімдімін.

Нұрлан САПАРБЕКОВ,

аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры.

Поделиться ссылкой: