Батаменен ел көгерер

833 Views

Жуырда «Сұлутөр» кинотеатрында ұлтымыздың ұлы құндылықтарының бірі – бата беру дәстүрін дәріптеу, қайта жаңғырту, кейінгі өскелең ұрпаққа үлгі етіп, батаның жастарға ұлттық тәрбие берудегі маңыздылығын насихаттау мақсатында алғаш рет «Батаменен ел көгерер» атты аудандық бата беруші ардагерлер байқауы болып өтті. Байқауға Қайыңды, Ақыртөбе, Құлан, Ақбұлақ, Луговой, Құмарық, Жаңатұрмыс, Қорағаты, Көкдөнен, Көгершін, Абай ауылдық округтерінен келген батагөй ақсақалдар қатысты. Ел есіндегі (тарихта есімі сақталған ұлы тұлғалардың) баталарды нақышына келтіріп жатқа айту және ұлттық салт-дәстүрлердің (бесікке салу, тұсау кесу, сүндет той, ас батасы, қыз ұзату, жас жұбайларға, игі бастамаларға) біріне арнап өз батасын беру секілді екі кезеңнен тұратын ақсақалдар бәйгесіне аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық м ә с л и х а т х а т ш ы с ы Т ұ р с ы н х а н Ж а м а н б а е в , ж у р н а л и с т С е й с е н Қожеке, М.Төлебаев атындағы саз мектебінің директоры Бердіхан Бабасов қазылық етті. Байқау нәтижесінде бірнеше батаны нақышына келтіріп айтқан Қайыңды ауылының тұрғыны Райымбек Жайнақов 1 орын, Луговой ауылының тұрғыны Айтбай Байназаров 2 орын, Көгершін ауылының тұрғыны Нысанбай Тәукенов 3 орынға ие болды.

«Батаменен ел көгерер» деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Дана халқымыз «Атаңнан бота қалғанша, бата қалсын» деп өсиет қалдырған. Аталы сөздің төркіні халқымыз үлкеннің батасы қабыл, елден алғыс, үлкеннен бата алған жастың әрдайым жолы болады деп санаған дегенді меңзейді. Ендеше, осынау өнегелі дәстүрімізді дәріптеу – ұлт болашағына алаңдаудың белгісі. Бастысы, бата беретін дариядай қарияларымыз жасасын демекпіз.

Салтанат ҚАРАСАЕВА.

Поделиться ссылкой: