Ағаш көшеттері отырғызылды
48 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
3 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күні. Осыған орай, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.Тлепов және комиссия хатшысы Т.Иманбеков Құлан ауылының орталығындағы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің жас мамандарымен өткен ашық сабақтарға қатысты. Бұл кәсіби мереке азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, сайлау туралы білімді арттыруға және сайлаушылардың дауыс беруге қатысуын ынталандыруға бағытталған.
Аудандық сайлау комиссиясы дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шараларды дайындап бекітті.
Сол іс-шара жоспарын орындау мақсатында ауданда ашық сабақтар өтуде.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысы өзінің жұмысын кәсіби деңгейде атқарып жатыр.
Өткен айдың 11-ші қаңтарында аудандық сайлау комиссиясы өзінің үш жылдық мерзімін атап өтті, комиссияның өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды, яғни 2024 жылдың қаңтар айына дейін.
Осы өткен үш жыл мерзімде аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенті сайлауы, Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттарының, облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының және ауыл округі әкімдерінің сайлауын жоғары деңгейде ұйымдастыра білді.
Сайлауды ұйымдастыру жұмыстарын 7 аудандық сайлау комиссиясы және 35 учаскелік сайлау комиссиясының 237 мүшелері атқарды.
Өткен сайлаулардың жоғары деңгейде өткізілгені туралы Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы тарапынан да жоғары бағаланды.
Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен Қазақстан Республикасында сайлау институтын қалыптастырудың тарихи-құжаттық негіздері бойынша және бірегей ғылыми – зерттеу жүргізілудің қорытындылары бойынша «Қазақстандағы сайлау тарихы» монографиясы жарық көрді. Оның 3 млн. данасы еліміздің кітапханаларына таратылды. Біздің аудан бойынша сайлау саласында көп жыл еңбек еткен Байтиков А, Дорожкин В.М, Танбаев Б, Нурмагамбетова Г.Б, Рубилов А.Ж, Мейманханов М, Секербек Р сынды ардагерлерімізді ерекше атап өтуге болады.
Т.Иманбеков,
аудандық сайлау комиссиясының хатшысы.