Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
46 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
Мүмкіндігі шектеулі жандардың ем алуына қолайлы жағдай туғызу мақсатында Т.Рысқұлов ауданындағы Каменка ауылында «Қарақыстақ мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу» орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Мұнда 20 мүмкіндігі шектеулі балаға арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынылуда. Сонымен қатар, мұнда ерекше жағдайдағы балаларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, аталмыш орталық емшаралық, спорттық, музыкалық және өзге де қызмет көрсететін бөлмелермен жабдықталған. Мекеме қызметшілері заманауи талапқа сай әлеуметтік қызмет көрсету стандартын басшылыққа ала отырып, жоғары деңгейде қызмет көрсетуде.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев және ауыл ақсақалы орталықтың ашылу рәсімінде сөз сөйлеп, ашылған оңалту орталығының ерекше қажеттілігі бар балалардың игілігі үшін жұмыс жасайтынын айтты.
«Құлан таңы» ақпарат.