ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
13 ViewsҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ! Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз? Ол…
Күні кеше аудан орталығында «Көктем – 2022» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өткізілді.
Арнайы ұйымдастырылған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов пен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұрболат Қадырханов қатысты. Сондай-ақ, жаттығуға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, №10 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы, ҚР ІІМ ТЖК Жамбыл облысы бойынша «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Күре жолдық медициналық құтқару пункті, аудандық полиция бөлімі, медицина саласының қызметкерлері, «Құлан-Энерго Жылу» КМК-ы, «Таза Су – 2014» КММ-і, «ҚазТрансГаз Аймақ» Жамбыл өндірістік филиалы, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы қатысты. Шараға жалпы 93 адам, 36 бірлік техника жұмылдырылды.
Шара барысында жауапты мамандармен техниканың бүгінгі тыныс-тіршілігі, құрал-жабдықтардың жай-күйі, сапасы жан-жақты қаралып, кемшін кеткен тұстарға ескерту берілді.
«Құлан таңы» ақпарат.