Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Барлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі керек. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз жауапкершілікті бірінші орынға қоятын мұғалім. Білімі – телегей, ойы – ұшқыр. Сабақ өту тәсілі де ерекше. Әр оқушымен тығыз жұмыс жасайды. Ол – №2 шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметбекова Назгүл Асқарбекқызы.
Былтыр «Едіге батыр» жырын мәнерлеп жатқа айтудан аудандық байқау өтті. Сол байқауда әділқазы болдым. Назгүл Асқарбекқызы Досхан және Ағжан есімді екі оқушыны алып келді №2 шағын орталықты орта мектебінен. Оқушыларды тыңғылықты дайындағаны әу бастан-ақ көрініп тұрды. Досхан мен Ағжанның киімдері де өзге қатысушылардан ерек болды. Екеуі де ұлттық нақышта киінген. Байқау басталды. Оқушы көп енді. «Едіге батыр» жырын көп оқушы жатқа айтты. Ұмытып қалғандары да болды. Қазір соның көбісі есімде жоқ. Бірақ, Досхан мен Ағжан есімде. Жатқа айту мәнерлері де, киген киімдері де, болмыс-бітімі, бәрі, бәрі есімде. Не айтқысы келіп отыр дейтін боларсыз?
Айтқымыз келгені – мұғалімнің жұмысы. Сонда байқағанмын, Назгүл Асқарбекқызының сабақ беру методикасының ерекшелігін және білімді педагог екенін.
Сосыы-ы-ы-ы-ы-ы-ын бізде мынадай желөкпе сөз бар ғой. «Кеңес одағы кезінде мұғалімдер мықты еді» деген. «Мықты» болса, болған шығар. Меніңше, қазіргі мұғалімдердің білімі ол замандағы «мұғалімдерден» кем емес. Дәлелі міне, Назгүл Ахметбекова. Алайда, заман өзгерді. Қалай өзгергенін көз көрді, мінеки. Жаңартылған білім жүйесі енгізілді. Оның бәрін мида тоқу, оқулықтағы шығарманың мазмұнын оқушыға көркем тілмен әдіптеп жеткізу – осының бәрі айтарлықтай жұмыс емес пе?..
Шерхан Мұртазаны мықты журналист, қабырғалы қаламгер ретінде білеміз. Оның шығармашылығын зерттеген мұғалімнің бірегейі бүгінгі біздің кейіпкеріміз.
Қайбір жылы Ахмет Қамшыбек «Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңінен бірінші орын алған сәтте, Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күләш Исаевамен танысқан едік. Кейін сол Ахметіміз осы байқаудың облыстық, республикалық кезеңінде топ жарды. Назгүл Ахметбекованың шәкірттері де облыста үздіктердің үздігі болды былтыр. Досхан мен Ағжанды атадық қой сөз басында. «Едіге батыр» жырын жатқа айтуда ол екеуіне ауданда тең келер ешбір оқушы болмады сол байқауда. Олар дәл осы байқаудың облыстық кезеңіне жолдама еншілеп алды. Сосын Досхан облыста топ жарды. Қандай ғажап, иә. Назгүл Ахметбекова адами һәм ұстаздық болмысын осы жұмыс тәсілімен-ақ басшылыққа ұқтырды деген ойдамыз.
Ол өз ісін жақсы біледі. Білгендіктен, пікірін еркін айтады. Мектеп басшылығы да оған тапсырманы үйіп-төгеді. Өйткені, қабілетіне сенеді. Мықты маман барлығын да реттестіреді. Ал Назгүл Ахметбекова осы үдені толығымен атқара білетін білікті педагог.
Марат Жолдасбекұлы.