Мерекелік құттықтау

586 Views

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Қымбатты, жерлестер!
Сіздерді бірлік пен берекенің, тоқшылық пен молшылықтың басы көктемнің та­мыл­жыған жайдары күндерімен бірге кел­ген Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мере­кесі­мен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Бұл күні тіршілік оянып, күн мен түн теңеліп, Табиғат-ана жасарып, жаңарып, ерен еңбектің думаны басталады. Адамзат баласы сағынышпен қауышып, өкпе-реніштерді ұмытып, бір-біріне жылы лебізін білдіріп, өсіп-өнуін тілейді.
Игі дәстүр бойынша біз де жаңа жылдан жақ­сы­лықтар мен жаңа жетістіктер күтеміз. Еліміздің мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшық­тайтын қасиетті Наурыз мерекесі әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық нұрын себе келсін!
Қадірлі ағайын!
Құрметті бауырлар!
Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы да барлық қа­зақстан­­­­дық­тар үшін жалпыхалықтық мере­кеге айнал­­ды.
Ежел­­ден жаңару мен жасампаз­дық­­тың бас­­тауы, ырыс пен берекенің ар­қауы болған әз-Наурыз қажыр­лы еңбек­­те­рі­ңізге тола­ғай табыстар әкелсін.
Елі­міз­­­дегі тұрақтылық тұғыры бекем­де­ліп, бақ-бере­­кеміз арта берсін! Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын!

Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Е.Садырқұлов.

Поделиться ссылкой: