Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда

480 Views

Апта басында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын түсіндіру бойынша облыстық және аудандық ақпараттық-түсіндіру топтары Ақыртөбе, Луговой, Құлан, Қайыңды, Тереңөзек, Көгершін ауылдарында болып, аталмыш елді мекен тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесулерге «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының атқарушы хатшысы, топ жетекшісі Д.Бейсенқұлов, Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Ш.Мырзалиев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, «Рысбаева және Ко» ЖШС-нің директоры С.Рысбаева, облыс әкімдігі дін істері басқармасы басшысының у.м.а Е.Ақбаев, «Тараз қалалық өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Зайнутдинов, кәсіпкерлер палатасының Т.Рысқұлов аудандық филиалының менеджер-консультанты Алмаз Маликов қатысты.
Топ мүшелері Жолдауда айқындалған бірқатар маңызды мәселе бойынша ой өрбітіп, жиналысқа қатысқан азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жиын соңында аталмыш ауыл тұрғындары Мемлекет басшысының бастамаларын қолдайтындығын жеткізді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: