Жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды

638 Views

Жақында Ақбұлақ орта мектебінде мектепішілік жарыс өтті шахматтан. Бұл жарысқа мектеп директоры Ляйла Қазыбекова қатысып, сөз сөйледі. «Мектебімізде шахмат үйірмесіне қатысатын оқушыларымыз көп. Оқушыларға бұл спорттың қыр-сырын үйретіп жүрген Ниязбек Еділұлының еңбегі зор деп білемін. Бұл жарыста тек мықтылар жеңіске жетсін» деді. Содан соң мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжайнар Момынтаева, директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Бейсембаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Еркімбаева сөз сөйлеп, тілек білдірді. Содан соң жарыс басталды. Қорытындысы мынадай болды. 0-3 сынып оқушылары арасындағы бәсекеде Медина Темірбай мен Нұрбағым Келген үшінші, Амина Серікбай екінші, Арнат Сайлаубек бірінші орынды иеленді. 4-6 сынып оқушылары арасындағы ойында Гүлназ Бақытжан мен Айлин Қадыржан үшінші, Арон Қадыржан екінші, Айя Орынтайқызы бірінші орынды жеңіп алды. 7 сынып оқушылары арасындағы ойында Нұрасет Маршал мен Арай Қаржаубай үшінші, Нұрасыл Асықбай екінші, Ақерке Әбдіқапар бірінші орынды иеленді. Комиссия төрағасы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Еркімбаева, бас төреші Ниязбек Каипов болды.
Бұл аудандық, облыстық, респуб­ликалық немесе халықаралық жарыс емес, қаражат бөлінетін. Оқушыларды ынталандыру үшін Ниязбек Кайпов біраз жердің «есігін қағады». Мектеп ұжымынан қолдау бар, ең бастысы. Осы жарысқа Луговой ауылындағы «Нұрлыбек» дүкені демеушілік жасапты. Сұхбаттасқанда Нәкең дүкен иесіне өз ризашылығын білдірді. Жарыс соңында жүлдегерлер мен жеңімпаздарға алғыс хатпен қоса медальдар, сыйлықтар табыс етілді.

М.Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: