Ағаш көшеттері отырғызылды
51 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Өткен аптада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбылоблысы бойынша басқармасының бастығы Дәурен Райымқұлов ауданға арнайы жұмыс сапарымен келіп, аудан тұрғындарымен кездесті. Айта кетейік, аталмыш жиын аудан прокуроры Алмас Арыстанбеков, аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Олжас Омарбековтың қатысуымен өтті.
Жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның бірі – полиция бөлімдерімен қылмыстық құқық бұзушылық фактілері бойынша азаматтардың өтініштерін номенклатуралық іске негізсіз жолдау және жол-көлік оқиғалары туралы болса, екіншісі – жергілікті атқарушы органдармен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қаралуы және жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру болды. Қос мәселе бойынша да прокуратура саласының мамандары баяндама жасады. Сондай-ақ, аудан аумағында орын алып жатқан қылмыс түрлері және оны ашу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды аудандық полиция бөлімінің басшысы Олжас Омарбеков баяндап берді. Бөлім басшысының айтуынша, дәл қазір ауданда жол көлік оқиғасының саны артып отыр екен. Ал қалған қылмыс түрлері бойынша көрсеткіштер төмендеп келе жатқанын жеткізді. Жиында аудан тұрғындарына да кезек берілді. Олар түрлі сауалдар қойып, өздеріне қажетті ақпарат алды. Мәселен, аудандық билер кеңесінің төрағасы Серік Өтегенов өз сөзінде қылмыстың көбеюі адам бойындағы рухани байлықтың төмендігінен орын алатынын айтты.
– Мәдени құндылыққа қанып өспеген ұрпақ қылмыскер болып өсетіні айтпаса да белгілі. Сондықтан біз бұл мәселені арыдан алып қарауымыз қажет. Мәселен, Көгершін ауылына осы күнге дейін мәдениет үйі салынбай келеді. «Жергілікті билік жыл сайын ауылға мәдениет ошағы салынады» деп есеп бергенімен, бұл бастама іс жүзінде іске аспай келеді, – деп шағым білдірді. Бұл сауалға аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев мәселені жан-жақты саралап, дәйекті түрде жауап берді.
Айта кетейік, жиын соңында аудан тұрғындары прокуратура өкілдеріне жеке қайырылып, құқықтық кеңес алды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.