Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Мұратжан Мейманханов басшылық ететін Каменка ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп аудандағы үздік білім беру ұйымдарының бірі. Дәл қазіргі күні мектепте 730 оқушы білім алады. Ал, сол 730 оқушыға 93 мұғалім дәріс береді.
2020 жылы бұл мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда мектеп жанындағы «Түлектер аллеясы» жаңаша келбетке еніп тұрған мектептің сәнін одан сайын аша түскендей көрінеді.
«Түлектер аллеясы» дегеннен шығады, өткен сенбіде мектеп директоры Мұратжан Құрманжанұлы игі бастамаға дәнекер болды. Оны мектеп ұжымы да, ауыл әкімі де, ауылдық ақсақалдар алқасының мүшелері де, ата-аналар да бірауыздан қолдап, сол іске бір кісідей атсалысты. Яғни, олар біз атаған «Түлектер аллеясына» 50 түп қылқан жапырақты туя, 4 түп қарағай ағаштарын отырғызды.
Мектеп басшысы аллеяға талдардың неше түрлі көшеттері отырғызылғанымен, оның көбі өнбей қалатынын айтты. Сондықтан талдарды қалай отырғызу керектігін оқушыларға, іс-шараға қатысқан ауыл ақсақалдарына тал көшетінің егілу жолдарын түсіндіріп, қолдау білдірген ата-аналарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, Каменка ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Алпысбай Оразбаев, алқа мүшелері Бестай Қалымбетов, Қаржау Иманбеков, жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз Бауыржан Намазбаев та өз ойларын ортаға салып, оқушыларға көкірекке рух беретін мәні бар мазмұнды сөздер айтты.
Содан соң, іс-шараға қатысқандар қолдарына күрек алып, тал отырғызуды бастап кетті. Мектеп басшысының айтуынша, аталмыш аллеяда 160, жалпы мектеп ауласына 300 түп ағаш отырғызылған екен. «60 ата-ананың демеушілік есебінен 252 мың теңгеге бүгінгі егілген ағаштар сатып алынды. Алдағы уақытта тағы да осындай іс-шара ұйымдастырып, басқа да ағаш көшеттерін отырғызу жоспарда бар» дейді Мұратжан Мейманханов. Ал, ауыл әкімі Ораз Танкеев «Түлектер аллеясында» оқушылар «батпақ кешпесін» деп, жаяу жүргіншілер жолы, яғни тротуар салуды да көздеп отырғанын айтты. Тротуар салынып, аллея жасыл-желекке бөленсе оқушылардың білімге деген талпынысы да артар еді.
Марат Жолдасбекұлы.