Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесімен құттықтау

1 356 Views

 Қымбатты аудан тұрғындары, құрметті жерлестер!

Азаматтығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң – Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 Бұл күн – халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке.

Халықтың өзі дауыс беріп, қабылдаған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Жасампаз жаңа дәуірге кең жол ашты. Еліміздің жеткен жетісігі мен алған белесі осы тұғырлы Конституцияның арқасында мүмкін болды.Ата заңымызға деген ерекше құрмет – біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі. Бірлігі жарасқан қазақ елі аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған күшті мемлекетке айналды. Бұл орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Конституция – Қазақ елінің өркендеуі мен өрлеуінің негізі» деген қанатты сөзі еріксіз еске түседі

Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстанның даңқы бүгінде әлемге танылып, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін қарышты қадамдар жасауда. Бұл – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың табанды түрде жүргізіп отырған салиқалы саясатының жемісі және жеңісі. Еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің уыздай ұйыған ынтымағы мен бірлігінің нәтижесі.

Құрметті аудан тұрғындары! Біз тәуелсіз, еркін, гүлденген елде өмір сүрудеміз. Өзге аймақтармен қатар біздің аудан да тұрақты даму үстінде, тұрғындардың тұрмыс жағдайы жақсарып, жыл сайын әлеуметтік бағдарламаларға – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спорт салаларына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып келеді. Ұлтаралық татулығымыз нығая түсті. Осы жетістіктеріміздің барлығының негізгі діңгегі Ата Заңымызда жатыр. Баршаңызды осы айтулы мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ,  бақ-береке тілейміз!

 Аудан әкімі

А.ҚЫРЫҚБАЕВ

Мәслихат хатшысы

Т.ЖАМАНБАЕВ

Поделиться ссылкой: