Аудан әкімі ауызашар берді
Он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айының кешінде аудан әкімі Ерболат Садырқұлов аудан ақсақалдарының басын қосып, ауызашар өткізді.
Жайылған ақ дастарханға 60-тан аса аудандағы қадірлі ақсақалдар мен ақжаулықты аналар, аудандық мәслихат хатшысы және арнайы қонақ ретінде мешіт жамағаттары шақырылды.
Шарапаты мол айда ауқымды ауызашар өтуі, ораза ұстаған жандарды құрметпен қарсы алуының өзі ізеттілік деп білген қариялар, аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлына ризашылығын білдірді.
Жиын барысында ауызашарға келген азаматтар қасиетті ораза айындағы игі тілектерін айтып, елдің бірлігі, халықтың ауызбіршілігі хақында сөз қозғады. Жиын соңында аудан әкімі де ақжарма тілегін арнап, елдің тұтастығы мен бірлігі әрқашан айрықша маңызға ие екенін тлге тиек етті.
Мөлдір Тастанбек,
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.