Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
21 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Сәуірдің 19-шы жұлдызында Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда түндігін түрген Азия чемпионаты күні кеше өз мәресіне жетті. Адалын айту керек, аталмыш дода біздің жерлестеріміз үшін қолайлы болғандай. Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия біріншілігінде жалпы есепте 1 алтын, 3 күміс, 4 қола медальға иелік етті. Ортақ қоржынға жүлде салған спортшылар арасында жерлестеріміз Әділет Дауланбаев пен Әлішер Ерғали да бар.
Қарақыстақ топырағында аунап өсіп, бүгінде ел намысын қорғап жүрген тәжірибелі балуан Әділет Дауланбаев 92 келі салмақта белдесіп, қола жүлдеге ілікті. Ол жұбаныш белдесуінде жапониялық Такума Отсудан айқын басым түсіп, таза жеңіске қол жеткізді. Ал қарақаттық боз кілем шебері Әлішер Ерғали 125 келі салмақта белдесіп, финалға дейінгі жолда қарсылас шақ келтірмеді. Айта кетейік, Әлішер бұл ауыр салмаққа жуырда ғана ауысқан болатын. Десе де еркін күрес сүйер қауым жамбылдық балуаннан зор үміт күтті. Бірақ, жерлесіміз ақтық мәреде ирандық Йодаллах Мохаммадказем Мохебимен белдесіп, 3:1 есебімен жеңіліп қалды. Нәтижесі – күміс жүлде.
Жерлестерімізді жеткен жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз.
Жәнібек Базылбек.