Жамбыл облыстық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

277 Views

Референдум – жаңа өзгерістердің бастауы

2022 жылдың 20 мамыры күні Жамбыл облыстық референдум комиссиясының төрағасы С.Айдапкеловтың төрағалығымен аумақтық референдум комиссиялары төрағаларымен, облыс әкім­дігі­нің, Тараз қаласының және аудан әкімдіктерінің бас есепшілерімен кеңейтілген комиссия отырысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, Жамбыл облысы әкімдігінің бухгалтерлік есеп бөлімінің басшы-бас есепшісі Г.Ә.Дәуренова Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу үшін бөлінген қаржы туралы атап өтті.
Облыстық референдум комиссиясы төрағасының орын­басары С.Мәдиева референдум комиссиялары мүшелерін оқыту бойынша баяндама жасады. Оқу бағдарламасының негізінде, аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің қашықтықтан кезең-кезеңімен оқытудан өтіп, тестілеу жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын баяндады.
Облыстық референдум комис­сиясының мүшесі Т.Жамалов Республикалық референдумды өткізудің құ­қық­тық негіздері жайында түсін­діріп берді. Баяндамасында Референдум учаскелерінің жабдықталуы, сайлаушылар тізімі, есептен шығару куәлігін берудің талаптарын, байқау­шылар мен БАҚ өкілдерінің дауыс беру күнгі әрекеттерін және өзгеде дауыс беру күні орын алуы мүмкін ситуациялық мәселелерді талқылады.
Облыстық референдум ко­миссиясының мүшесі С.Қойшыбаев мүмкіндігі шектеулі жандар жайында кеңінен қаузады. Дауыс беруге арналған үй-жайдың мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар үшін қолайлылығын, оларға арналған бұрыштың жабдықталуы бо­йын­ша еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау басқар­масымен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде түсіндіріп өтті.
Облыстық референдум ко­мис­сиясының хатшысы А.Боранбаев, дауыс беру күні учаскелерде қызмет көрсететін онлайн-сервис жүйесі жөнінде баяндама жасады. Облыс бойынша 307 референдум учаскесінен 614 оператор «Egov» порталында тіркелу бойынша қызмет көрсететінін айта келе, Орталық сайлау комиссиясы бекіткен алгоритмге сай жұмыс жүргізілуі керектігін ескертті.

Поделиться ссылкой: