Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

256 Views

Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңына сәйкес Өрнек ауылдық округі әкімшілігінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін, Өрнек ауылдық әкімшілік ғимаратының кітапханасында орналасқан ЦАО орталығы қызмет көрсетеді. Көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды электрондық өтінім беру арқылы, яғни бала туғанда берілетін жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін және балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындауға қажетті құжаттарды «Электрондық үкімет» порталы арқылы рәсімдей аласыздар, электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі -ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады.
«Электрондық үкімет» порталында жеке және заңды тұлғалар үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Өрнек ауылы, Е.Алпысбайұлы, №12а (Өрнек ауылдық әкімшілік ғимараты 2-қабат).

Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты.

Поделиться ссылкой: