Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Табыс табу мақсатында бейресми жұмыс жасап жүрген жұмыскерлердің жұмыс берушілермен еңбек шарттарына отырып, еңбек қатынастарының заңдастырылуы жұмыскерлердің жұмыс атқарудағы құқығының қорғалуы және жұмыскерге тиесілі әлеуметтік төлемдердің заңға сәйкес жүргізілуі – негізінен басты шарт болып табылады.
Осындай заңдық құқықтарды түсіндіру үшін жуырда Жамбыл облысы әкімдігі Еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Қалиев Жансұлтан Бекболұлы, Жамбыл облысы әкімдігі Еңбек инспекциясы басқармасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторының кеңесшісі Туғанбаев Мұхаметқали Мәуленұлы ауданымызға келді. Олармен бірге аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту секторының меңгерушісі Арман Мамырбаев, жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Нұрболат Жамалбеков, аудан әкімдігі өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сақтасын Тастанов қатысқан жұмысшы топ аудан аумағында орналасқан шаруа қожалықтармен, кәсіпкерлермен, кәсіпкерлік нысан иелерімен және басқа да жұмыс берушілермен кездесіп, жұмыс берушілер мен жұмыс ұжымдарына еңбек қатынастарын заңдастырудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасында еңбек қатынастарын заңдастыру мақсатында 23 еңбек шарты жасалынып, жұмыс берушілер мен жұмысшылар өз қолдарын қойды.
Бұл бағытта жұмыстар өз жалғасын тауып әрі қарай тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп, электрондық e-HR ақпараттық жүйесіне енгізілетін болады. Осыны ескере отырып, жұмыскерлердің еңбек қатынастарын заңдастырып, жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырамыз.
Арман Мамырбаев,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
жұмыспен қамту секторының меңгерушісі.