Келелі жиын өтті
23 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Екпе жайлы қазіргі таңда барлық ата-аналардың хабары бар. Алайда, баланы егуге алып келген кезде вакцинаға әр түрлі сенімсіздікпен қарайды. Бұл сенімсіздіктің де өз себебі бар. Өйткені, қазіргі таңда балаларымызды екпе арқылы қорғайтын жұқпалы аурулар мүлдем кездеспейді. 30-40 жылдар бұрын ата-аналарға қызылша ( корь ) және күл (дифтерия) қауіптілігі жайлы айтудың қажеті де болмады, себебі науқас балалардың өліммен аяқталған жағдайлары жетерлік болды. Ал көкжөтелдің (коклюш) ауыр жөтелі әрбір қала, ауыл ауласынан естілетін. Сал (полимиоелит) ауруының ауыр асқынуы болып табылатын мүгедектіктен қорқыныш әрбір ата-ананың көкейкесті мәселесі болды. Бүкіл әлемде екпе жұмыстары белсенді түрде ұйымдастырылады, дамыған кейбір мемлекеттерде екпе алмаған бала – ата-анасының қамқорсыздығы деген түсінік те пайда болды.
Осы жұқпалар қауіптілігінің болмауы – тек атқарылып жатқан алдын ала егулердің көмегімен ғана жүзеге асып отыр. Қазақстан Республикасында Үкіметпен бекітілген алдын ала егулердің күнтізбесі және алдын ала егулер жүргізілетін жұқпалы аурулардың тізімі бар. Елімізде екпе жұмыстары көбіне ауыр жағдайда өтетін, өлім көрсеткіштері жоғары, асқынулары ауыр және көбіне балаларда кездесетін жұқпалы ауруларға қарсы үздіксіз жүргізілуде. Егу – туберкулездің ауыр түрлері, сал, қызылша, қызамық, күл, сіреспе, көкжөтел, «В» гепатиті, туа біткен қызамық синдромы, эпидемиялық паротит, гемофильді инфекция және басқа да жұқпалы аурулардан тұрғындарды және балаларды қорғаудың ең тиімді әдісі болып табылады. Екпе арқылы көптеген жұқпалы аурулардың санын азайтып қана қоймай, сонымен қатар мүлдем жоюға болатынына (мысалы: шешек-натуральная оспа) көзіміз жетті.
Балалар – біздің басты байлығымыз! Біз ата-ана ретінде оларды дені сау қылып өсіріп, дерттен қорғауымыз керек. Өз балаңыздың екпе алып, еліміздің дені сау азаматы болуға өз үлесіңізді қосыңыз!
А.Бейсебаева,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық-қадағалау бөлімінің жетекші маманы.