Еңбек ет, бағыңды сына!

374 Views

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба туралы аудан тұрғындарына құлаққағыс. «Жастар практикасына» техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы 3 (үш) жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 жасқа (жиырма тоғыз) жастан аспаған жұмыссыз жастар қатыса алады. «Жастар практикасының» ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды.
«Күміс жасы» жобасына зейнеталды жастағы жұмыссыз адамдар қатысушылар болып табылады. Зейнеталды дегеніміз – зейнеткерлікке екі жыл қалған адамдар. Қатысу мерзімі 12 айдан аспайды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жасқа толмаған жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар қатысушылар болып табылады. Қатысу мерзімі 18 айдан аспайды.
Толық ақпарат алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына қайырылуларыңыз қажет. Құлан ауылы, Жібек жолы №61. Байланыс телефондар: 2-24-27, 2-24-46 нөміріне хабарласып, білуге болады.

Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы.

Поделиться ссылкой: