343 Views
Балалар жәрдемақысы келесі айда түсу үшін өтінішті үстіміздегі айдың 20-на дейін тапсыру керек.
Мысалы, егер сіз сәуір айының 20-на дейін тапсырсаңыз жәрдемақыны мамыр айында аласыз. Ал өтінішіңізді сәуір айының 20-нан кейін өткізсеңіз, әлеуметтік төлемдер мамыр айының бюджетіне бекітіліп үлгермейді. Сондықтан жәрдемақыны қолыңызға маусым айында тиеді. Өтінішті: ХҚО арқылы, Egov.kz порталы арқылы, Kaspi.kz, Halyk және Home bank банк қосымшалары арқылы тапсыруға болады.Толығырақ 1414 нөміріне хабарласып, біле аласыз.
Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы.
Поделиться ссылкой: