Ағаш көшеттері отырғызылды
38 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп – балабақша. Ол – баланың екінші үйі. Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес.
Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше, мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту әрбір тәрбиеші, ұстаздың басты мақсаттарының бірі болуы тиіс. Балабақша – өскелең ұрпақтың адами болмысын тәрбиелейтін киелі ұя.
Міне, осы бір қағиданы берік ұстанған «Балауса» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері баланың ерте жастан рухани бай болып өсуіне ерекше жағдай жасайды. Бұл тұрғыда аталмыш бөбекжай-бақшада бірқатар іс-шаралар, танымдық ойындар ұйымдастырылады. Жуырда «Балауса» бөбекжай-бақшасының «Құлыншақ» ересек тобында «Қош бол, балабақшам!» атты ертеңгілік өтіп, балалар мектепке жолдама алған еді. Тағылым мен тәлім қатар өрілген бұл іс-шарада балалар өз өнерін көрсетті. Бірде ән айтып, көпшіліктің көңілін көтерсе, енді бірде қойылым көрсетіп, балалық қылықтарымен көпшіліктің ықыласын өздеріне аударды. Аталмыш ертеңгілікті ұйымдастырушы, «Балауса» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Амина Мансурова бала тәрбиесі үлкен қажырлылықты қажет ететінін айта отырып: «Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды. Балалар мұнда өздерінің дамуы үшін қажет нәрсенің бәрін алады. Күндей күлімдеген балаларды мейірімді жүректер мен қамқор қолдар, өз мамандығына ғашық тәрбиешілер күнде қарсы алады» деп өзінің пайымды пікірін жеткізді.
Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені, осы кезде баланың бойындағы табиғи дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы болып қала бермек.
Д. Дәулетқызы.