Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Жалпы төрт айдың қорытындысы бойынша аудан аумағында ауыз толтырып айтарлықтай істер атқарылып келеді. Оны аудан аумағында жүзеге асып жатқан ілкімді істерден анық аңғаруға болады. Біз бүгін сіздердің назарларыңызға жыл басынан бері жоспарланып, жүйелі түрде іске асып жатқан жұмыстардың мазмұнын ұсынатын боламыз.
Жалпы бүгінде ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 4,8 млрд.теңгені құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,1 млрд. теңгеге артқан. Айта кетейік, өткен жылы аталмыш көрсеткіштің жалпы сомасы 3,7 млрд. теңгені құраған болатын.
Биыл 150,4 мың гектар егістік жер толық игерілген. Оның басым бөлігіне күздік бидай мен жаздық арпа себілген. Анығын айтар болсақ, көктемдегі дала жұмыстарын жүргізу барысында 53 073 гектар жерге жаздық арпа, 14 368 гектар алқапқа мақсары дәндері жасырылған. Ал, 1 796 гектарға күнбағыс, 380 га қант қызылшасы егілген.
Үстіміздегі жылы халық көп тұтынатын өнімдерді көптеп өндіруге айрықша көңіл бөлініп отыр. Сол мақсатта жерге 274 га жүгері, 560 га картоп, 520 га көкөніс, 174 га бақша өнімдері, 28 га таңқурай мен құлпынай дақылдары себілген. Мал азығын молайту мақсатында 10 296 га жоңышқа себіліп, аталмыш алқаптар басты назарға алынған.
Техникасыз тірлік бітпейтіні бесенеден белгілі. Сондықтан да ауданда техника паркін жаңалау жұмыстары да жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді. Мәселен, өткен жылы 158 дана ауыл шаруашылығы техникалары (оның ішінде 22 дана егін орағы комбайны) сатып алынып, машина-тракторлар паркі 13,8 пайызға жаңаланса, биыл ауылшаруашылығы техникаларын 11,5 пайызға жаңалау жоспарланып отыр.
Ауданда мал басы да біршама артқан. Оны төрт түлікті асылдандыру алаңдарының көбеюіне зер салып, көз жеткізсеңіз болады. Бүгінде мүйізді ірі қарамен 5, ұсақ малмен 6, жылқы малымен 1 шаруашылық жұмыс істейді. Сондай-ақ, ауданда 2650 бас мүйізді ірі қараға арналған 12, 780 бас жылқы малына арналған 5, 3600 бас қой малына арналған 4 бордақылау алаңдары жұмыс жасайды. Жуық арада олардың саны тағы да ұлғаюы бек мүмкін. Атап айтар болсақ, «Хамза» шаруа қожалығы 250 бас ірі малдарды бордақылау, мал сою, сақтап, тоңазыту кешенінің құрылысын аяқтады. Жуық арада аты аталған алаң толықтай іске қосылмақ ниетте. Ал «Керең» шаруа қожалығы 200 басқа арналған сауын сиыр фермасының құрылысын аяқтап, ізінше сүт өнімдерін қайта өңдеу кешенінің құрылысын бастап отыр.
Аудандағы 42 елді мекеннің 30-да орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар. Ауыз су жүйесі ескірген 9 елді мекеннің 3-інде 2020 жылы жаңа ауыз су жүйесінің құрылысы басталып, Құмарық, Қаракемер, Алғабас ауылдарының тұрғындары таза ауыз сумен қамтылды. Ал қалған ауыз су жүйесі ескірген 6 елді мекеннің 1-не (Қазақ) биыл жаңа ауыз су жүйесі тартылуда. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы ауыз су жүйесі жоқ 2 елді мекенге (Жаңатұрмыс, Сәлімбай) құбыр тартылып, бүгінде оның құрылысы басталды. Жоспарға енгізілген жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Дәл осы сәтте «Халық саны тиісті нормадан аз 6 ауылға таза ауыз су тартыла ма?» деген заңды сауал туындайды. Жауап берейік. Адалын айту керек, қалған алты ауылға ауыз су жүйесін салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан да аты аталған ауылдарда ауыз су мәселесін шешу үшін кешенді блокты модульдік қондырғы орнату жұмыстары қарастырылуда. Ол үшін арнайы жоспар бекітілген.
Енді көгілдір отын мәселесіне тоқталайық. Аудандағы 42 елді мекеннің 24-не толық газ тартылған. 2021 жылы газ кірмеген 10 ауылға (Д.Қонаев, Әбілхайыр, Бәйтелі, Қорағаты, Шөңгер, Каменка, Жалпақсаз, Тасшолақ, Қазақ, Жаңатұрмыс) газ тарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ауданның 34 елді мекені газбен қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіш халық санына шаққанда 98,5%-ды құрап отыр. Мамыртөбе, Аққайнар, Тойқұдық, Сұмқайты, Қосапан ауылдары, Құмарық разъезді, Қорағаты станциясы халық санының тиісті нормадан аз (100 адамнан төмен) болуына байланысты ол жаққа көгілдір отынды жеткізу экономикалық тұрғыда тиімсіз деп танылған. Жалпы ауданда Шолақ-Қайыңды ауылына ғана газ тартылмай отыр. Дегенмен, ондағы жұмыстар біртіндеп іске асуда. Дәлірек айтар болсақ, жұмыс жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, қорытындысы алынған. Дәл қазір республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім жолданып отыр. Ауданның даму жоспарына сәйкес аталмыш ауылды 2023 жылы газбен қамту жоспарлануда.
Бүгінде ауданда тұрғын үй кезегінде барлығы 1 547 адам тіркелген. Осы тұрғындарды кезең-кезеңімен тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Құлан ауылы «Арай» тұрғын алқабынан 80 пәтерлік 5 қабатты 2 үйдің құрылысы жүруде.
Сонымен қатар, аудан аумағында «Асарлатып үй салу» жобасы өз жалғасын табуда. Жоба аясында соңғы екі жылда 30 үй салынса, 2022 жылы аталған жоба аясында 13 үйдің құрылысы жоспарланып, 1-еуі пайдалануға берілді. Ал қалған 12 үйдің құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда.
ржыландырудың жалпы көлемі 15,2 млрд теңгені құрады. 2021 жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге артқан.
Бүгінде Т.Рысқұлов ауданының білім бөліміне қарасты 38 мектеп жұмыс жасайды. Онда жалпы саны 14 846 оқушы білім алуда. Сонымен қатар, 25 балабақшада жалпы саны 2700 бүлдіршін тәрбиеленуде. Бұл тізімге 26 топта 515 білім алушы 13 шағын орталығын қосуға болады. Бір қуантарлығы ауданда үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы мектептер жоқ.
Дегенмен, орын тапшылығын болдырмау мақсатында Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын үй алқабында 300 орынды жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталып отыр. Сонымен қатар, биыл Қарақат ауылындағы №2 шағын орталықты орта мектебіне, Алғабас ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебіне және Құлан мектеп-гимназиясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.