Ботулизмнің алдын алу
23 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Бұл мекенді орыстың озбыр басшылары сан мәрте жоюға тырысты. Бүтін ұлттың тарихының бір бөлшегін тұншықтыруға талпынды, өткен жолымыздағы ірі іздерді, соны соқпақтарды өшіруге тыраштанды. Бірақ, түк шықпады. Топағаш – тылсымдығы мен таңғажайып сырлары адамды өзгеше ойға жетелейтін қасиетті мекен. Қасиетті мекенді қадірлеу – басты міндетіміз!
Утембаев Эльдар Есейұлы,
Т.Рысқұлов аудандық тарихи өлкетану
музейінің меңгерушісі.
Тылсым сырын ішіне бүккен орында жан-жақты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, аңыз-әпсаналар нақты айғақтар мен нақты даталар арқылы дәлелденуі керек. Барлығы дәлелденіп, шындыққа бір қадам жақындаған сәтте бұл орынға деген халықтың ықыласы артады, шешілмей тұрған проблемалар шешіледі. Жұмбағы мен сыры көп қасиетті мекенді дұрыстап зерттеу қажет.
Қанат Ержігітов,
«Домбыра» телеарнасының директоры.
Бүгінгі ұрпақ өлкенің тарихын жетік білу арқылы ғана бабалар аманатына адалдық таныта алады. Батырлар мен әулиелердің, ғалымдар мен ғұламалардың өмір жолын түсіну, түйсіну маңызды. Жігерлі жауынгерлер мен әулие аналардың ізі қалған Топағаш жерінің де тағылымды тарихы, талай адамды қызықтыратын мистикалық аңыздары бар. Осы аңыздарды бүгінгі балалардың құлағына сіңіру қажет.
Мейіржан Бошкаев,
экскурсовод.
Топағаш дін мен дәстүрдің дидары секілді. Емдік қасиеті бар тоғыз әулие тас, Адам Ата, Хауа Ана ағаштары, Жәбірейіл, Микаил, Исрафил, Әзірейіл секілді періштелердің ағаштары бұл сөзіме дәлел. Топтасып өскен талдар адамды табиғаттың тылсым әлеміне жетелейді екен. Қойнауына өзгеше сырды бүгіп жатқан құдықтар да адамды өзіне тартады, қызықтырады. Өте жақсы әсер алдым.
Жиенбек Жұмағұлов,
күзетші.