Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
25 ViewsӨткен жұмада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық…
Өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде ағымдағы жылдың алғашқы 4 айында Т.Рысқұлов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ауданымыздағы сауда-саттық орындарынан ет, балық, құс өнімдері, көкөністер, жемістер және басқа да азық-түлік өнімдерінің 72 сынамаларын іріктеп алды. Мониторинг барысында техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін 41 сынама анықталды. Оның ішінде таңбалау бойынша сәйкессіздік 40 сынама және микробиологиялық қауіпсіздік көрсеткіштерінің үлесіне сәйкес келмеу 1 сынаманы құрады. (Дайын тауық етінен жасалған кәуап өнімі). Барлық анықталған сәйкес келмейтін үлгілер бойынша өнімнің сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштерінің өзгеруіне әкелген себептерді анықтау және жою бойынша шаралар қабылданып, бұзушылықтарды жою туралы 4 ұйғарым шығарылып, 38450тг құрайтын 23,3 кг өнім сатудан алынды. Бұл профилактикалық бақылаудың түрі кəсіпкерлік субъектілерін міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізілетініне қарамастан, тұтынушыларға өмір үшін қауіпті өнімді сату фактілерінің жиілегенін тағы да дəлелдейді.
Ауданымыздың әрбір тұрғыны өнімді сатып алмас бұрын, ең алдымен таңбалауды (атауы, ол өндірілген елдің атауы, өндірушінің атауы және орналасқан жері, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары) мұқият зерделеуін сұраймыз!
Таңбаланбаған, сапасы күмәнді өнімдердің сатылып жатқанына куә болсаңыз, азаматтық ұстанымыңызды көрсетіңіз. Т.Рысқұлов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына (Құлан ауылы, О.Болысұлы, №1, 40710) хабарласыңыздар.
Ж.Дідаева,
А.Әміржанқызы,
аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары.