Екі өлең

428 Views

АБАЙ – ДАНА,
АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА

Абай – дана, Абай – дара қазақта,
Ақындығы мәшһүр болған жан-жаққа.
Ел дегенде жанары – ұшқын, жігері – өр, –
Сан арыстың көкірегіне шам жаққан.

Абай ата, рухың биік ақынсың,
Әр қазақтың жүрегіне жақынсың.
Қаймықпаған азалы, сұм ғасырдан,
Қазақ үшін Абай – заңғар, ақыр шың !..

Қалың елдің қамын ойлап, қазақтың,
Жалғыз жеңген мехнат пен азапты.
Қара сөзі азық болар әлемге, –
Абай күні туады әлі, ғажап күн !

Абай ата, бәйтеректей биіксің,
Өлеңінді жаттап өсем, сүйіп шын.
Қаймықпаған азалы, сұм ғасырдан,
Қазақ үшін Абай – алып, биік шың !..

Бауыржан Момышұлына арнау

Нар тұлға, хас батырым қанаттанған,
Шоқжұлдыз десем сөзім болмас жалған.
Сөздеріңді жалынды оқығанда,
Қанат бітіп арқама шабыттанам.

Найзадан қол босаса қалам алып,
Ұрпағыңа рух бердің ойланарлық.
Өмір үшін күрес деп өлгеніңше,
Жүрекке үміт бердің толғанарлық.

Рухы биік, ұлтын сүйген адамдар,
Сізге ұқсап болашақты бағамдар.
Әрбір сөзің жүрегіңе жатталып,
Құрмет тұтып, еңбегіңді бағалар.

Жансая ЖАҚСЫЛЫҚ,
Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебінің
7 сынып оқушысы.

 

Поделиться ссылкой: